Автор: erimbetkaz

Астана. 7 қазан. BM.KZ – «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков Италияда өткен толық Ironman жарысын еңсерген алғашқы қазақстандық әртіс атанды. Биыл 20 тамызда Италияның Червия қаласында «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі саналатын толық Ironman қашықтығын сәтті аяқтады. Осылайша ол бұл сынақты еңсерген алғашқы қазақстандық өнер иесі болды. Ironman жарысы 3,8 км жүзу, 180 км велосипед және 42,2 км марафоннан тұрады. Бұл сынақ Әншінің ресми өкілінің мәліметінше, Дастан үшін тек спорттық жетістік емес, өзіне қойған үлкен мақсат пен рухани жеңіс болды. Әншінің айтуынша, өмірге, іске және жақындарына деген махаббат адамға кез келген қашықтықты бағындыруға күш береді.…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берді.

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде Қазақстан цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеп, толық цифрлық ел болуды стратегиялық мақсат ретінде айқындағанын жеткізді. – Жасанды интеллектіні жаппай дамыту үшін білікті мамандар даярлауды қолға алдық. Бағдарлама аясында жыл басынан бері 400 мыңнан астам студент арнайы білім алды. Сондай-ақ жасанды интеллект мамандарын оқытатын тұңғыш зерттеу университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан осы оқу ордасында білім алуға ниет білдірген түркі елдерінің жастарына арнайы гранттар бөлуге дайын, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салалар бойынша Ұйым аясында жүзеге асыруға болатын бірқатар бастамаға…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігімен айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Қазығұрт ауданындағы жалпы білім беру мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі заңмен жүктелген міндеттеріне қарамастан, ол 2025 жылдың 20 қаңтарында өз автокөлігінде 2010 жылы туған жасөспірімге қатысты азғындық әрекеттер жасаған. Сот отырысында тараптардың ұстанымы тыңдалды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, оны белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында өңірлерде су тасқынына дайындық шаралары белсенді түрде жалғасуда. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Абай облысында елді мекендерді инженерлік қорғау жоспары аясында су тасқыны қаупі бар кезеңге облыстың 9 ауданында 32 іс-шара іске асырылуда. Негізгі жұмыстарға қорғаныш бөгеттерін салу, өзен арналарын тазарту, су бұру арналарын жөндеу және 23 елді мекенді қорғауға бағытталған басқа да инженерлік шаралар кіреді. Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда ТЖД өкілдері Ерейментау ауданындағы Сілеті су қоймасына барды. Су қоймасының көлемі 192…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Жылыту маусымында коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық шаралары бойынша тапсырмалар берді. — Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды. Республиканың оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес және ауа райына байланысты беріледі. Өңір әкімдеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауда алуды тапсырамын, — деді Премьер-министр Үкіметтің бүгінгі отырысында. Олжас Бектенов жылу көздеріндегі барлық жоспарлы параметрлердің сақталуын, отынның нормативтік қорын қадағалап отыруды тапсырды. — Резервтік жабдықтардың әзірлігін қамтамасыз етіңіздер. Коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Сондай-ақ халыққа арналған көмір бағасының…

Толығырақ

Каспий итбалығының өмір сүру жасы қысқарған. Ғалымдардың зерттеуінше, бүгінде итбалықтың бұл түрі 30 жасқа дейін өмір сүреді, көбі ақүрпек, яғни, күшік кезінде өледі екен. Аталған эндемикті зерттеп жүрген ғалым, этолог Әсел Баймұқанова мұның себептері мен оны сақтап қалу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап берді. Әсел Баймұқанова – Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері, этолог. Ол каспий итбалығын зерттеумен айналысатын әулеттен шыққан, әкесі, әпкесі мен ағасы да өмірін ескекаяқтыны зерттеуге арнаған. Өзі 10 жылдан бері итбалықты зерттеп жүр, бүгінге дейін 25-тен астам экспедицияға қатысқанын айтады. Итбалықтарға жету оңай ма? Ғалымның айтуынша, зерттеушілер экспедиция кезінде аралда 10-нан 30 күнге дейін…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Абай облысындағы Бестерек ауылында жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан қыз көз жұмды. Сонымен жол апаты құрбандарының саны 4 адам болды.Бес Кішкентай қыз апаттан соң, ауруханада комада жатқан еді. Айта кетейік, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болды. Toyota маркілі көлігі бір топ балаларды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында екі бала және ауруханаға келе жатқанда тағы бір бала көз жұмды. Президенттің тапсырмасымен аман қалған үш адамға көмек көрсету үшін әскери ұшақ ұшып шықты. Олардың денсаулық жағдайлары тұрақтанған соң екі бала санавиациямен Астанаға жеткізілді. Зардап шеккен ең үлкен қыз алдымен Үржар аудандық ауруханасына жеткізіліп, артынан ол тікұшақпен…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Бұл туралы ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. 2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген. Заңсыз…

Толығырақ

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Шығыс Қазақстан облысы, Маралды ауылындағы мал өліміне қатысты зерттеу жұмыстарының нәтижесі шықты.  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылындағы 8 мал өліміне қатысты ветеринариялық қызметтер жан-жақты зерттеу жүргізді. Еске салсақ, 19-20 қыркүйекте Маралды ауылында 8 мал өлімі тіркелген болатын. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша дереу құрылған арнайы топ оқиға орнына барды. Мал өлекселерінен, су мен топырақтан сынама алынып, ветеринариялық зерттеулер, вакцина егу және дезинфекциялау жүргізілді. Экологтар жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, рН деңгейі, қалқымалы заттар, аммоний, мұнай өнімдері, цианид, ауыр металдар және басқа да элементтер бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркелмеді. Сондай-ақ Маралды…

Толығырақ