Автор: erimbetkaz

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Қытайда Эвересттің шығыс беткейіне апаратын Карма алқабында қарлы боранның астында қалған жүздеген турист құтқарылды. Бұл туралы Report агенттігі жазды. Қарлы боран таудың шығыс беткейіндегі 4200 метр биіктіктегі лагерьлерде мыңға жуық адамды басып қалды. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар 350 туристті қар құрсауынан шығарды. Қазіргі уақытта жақын маңдағы қаладан 350 турист келді, тағы бірнеше жүзі жолда. Эвересттің төменгі беткейінде 200-ге жуық адам қалды. Қазір олармен байланыс орнатылды.

Толығырақ

Астана. 6 қазан. BM.KZ – Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді.  Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген. Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9. – Жер дүмпуі Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде сезілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді. Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бақылауында. ТЖД…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Үлкен Нарын кентіндегі Ленин орта мектебінің ата-аналары мектеп асханасындағы тамақтан құрт шыққанын айтып, дабыл қақты.  Сорпадан шыққан құртты балалар суретке түсіріп, ата-аналарына жіберген. – Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін бізде де, балаларда да ешқандай дәлел болмағандықтан, нақты шара қолдана алмадық. Осы жолы сорпадан шыққан құртты көрген балалар бірден суретке түсіріп, ата-аналарына жолдаған, – дейді ата-аналар комитетінің төрайымы Оксана Занина. Аудандық білім бөлімі тарапынан қажетті шаралар қабылданып, мектеп асханасында санитарлық нормалардың сақталуын тексеру мақсатында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы ресми хат жолданған. – Қазіргі уақытта тексеру жүргізу мәселесі қаралуда. Оның қорытындысы…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Филь іздестіріліп жатыр. Бірнеше хоккейші оған алаяқтық фактілері бойынша шағымданған. Клуб директоры Игорь Шерстовтың айтуынша, Сергей Филь өткен жылдың желтоқсан айында жұмысқа қабылданып, жарыстар мен жаттығуларды ұйымдастыруға жауапты болған. Алайда 24 қыркүйектен бастап жұмысқа шықпай қойған. — Оны іздеу барысында алаяқтық фактілері анықталды. Ол туралы айта алмаймын, полицияға арыз жазылды, тергеу барысында бәрі анықталатын болады. Мен ақша беріп немесе алып жатқанын көрген жоқпын, сол себепті бейхабармын. Қазір оның бұрынғы криминалдық өмірі жарыққа шығып жатыр, бұл адам бізге ресми түрде жұмысқа тұрды, еңбекақысынан барлық міндетті төлемдер алынып отырды,…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Президент Үкіметке «Торғай — Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. Айта кетейік, Қостанай облысында стратегиялық маңызды «Орталық-Батыс» автокөлік дәлізі салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары маусым айында бірден екі жерде басталды. Оның бірі Арқалық қаласында болса, екіншісі Қостанай облысы Жанкелді ауданы Торғай ауылында. Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 865 км болатын «Астана — Жантеке — Егіндікөл — Арқалық — Торғай — Ырғыз» бағытын құрайды.

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ — Конгресс үкіметтің қаржыландырылуы туралы заң жобасын қабылдамайынша ақысыз еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге жалақы төленбейді, деп хабарлайды Kazinform. Мэрилендтегі Ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушісі Дженна Нортон атап өткендей, үкімет жұмысының тоқталуына байланысты осы аптада шамамен 750 мың федералдық қызметкер ақысыз еңбек демалысына жіберілген. Тараптардың ешқайсысы (республикалық немесе демократиялық партиялар) жол бергісі келмейді және үкімет жұмысының тоқтағанына екінші күн болды. Ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлердің көпшілігіне үкіметтің жұмысы тоқтаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілмегенімен, әскери қызметкерлер мен әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері сияқты маңызды деп саналатын басқа қызметкерлер жұмысын жалақысыз жалғастыруға мәжбүр болады. NBC News-дің хабарлауынша, Мемлекеттік департаменттің 20 жас…

Толығырақ

Жасанды интеллект күнделікті тіршілігімізге дендеп енген сайын оның кері әсері туралы да жиі айтыла бастады. Беталды қолдана берсе, түбі адамды ойлана білу қабілетінен айырып тынуы мүмкін. Бірақ, қазіргі қоғамның бір бөлшегі болып бекігендіктен оны қазіргі қолданыстан түбегейлі жойып тастау да мүмкін емес. Сондықтан сала мамандары заманның жаңа технологиясын реттеу шараларын күшейтуге шақырады. Жасанды интеллект бүгінде жаһандық өркениеттің келбетін өзгертетін басты күшке айналып барады. Сондықтан осы технологияның мәні мен даму беталысын пайымдай алатын гуманитарлық сала мамандарын тәрбиелеп шығару керек. Елордада өтіп жатқан digital bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ-дің қауіпті тұстарына ерекше тоқталған еді. «Артықшылыққа ие топтар…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық мектептерде, балабақшаларда, колледждерде және сауықтыру лагерлерінде тамақтанудың жаңа стандарты қолданысқа енгізілді. Стандарт Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тамақтану академиясы, ЮНИСЕФ және ДДҰ сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта әзірленді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов атап өткендей, тағамдарда 3,6 есе аз қант және 5 есе аз тұз қолданылады, рационда көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерінің үлесі артты. Ас мәзірінен шұжық өнімдері, қақталған тағамдар және тәтті газдалған сусындар алынып тасталды. Тәтті сусындардың орнына су, сүт, қышқыл сүт өнімдері, жеміс шайлары және қант мөлшері аз компоттар ұсынылады. «Сонымен қатар, стандарт…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Цифрландыру дәуірінде мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа тәсілдерді қолданып жүр. Солардың бірі – әлеуметтік желілерде «Мистер Омирбек» атымен танымал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өмірбек Жанқуатов.  34 жастағы ұстаз TikTok-та жариялаған бейнероликтері арқылы танымал болды. Ол бейнематериалдарда ағылшын тілін музыкамен, әсіресе рэп ырғақтарымен байланыстыра отырып үйретеді. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін әндетіп жаттап, тілді жеңіл меңгереді. Өмірбек Жанқуатов бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында еңбек еткен. Қазір ол Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Жаңашыл педагогтың еңбегі өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды. Ол «Қазақстанның үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңінде…

Толығырақ

Астана. 3 қазан. BM.KZ – FIFA 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми добын көпшілікке таныстырды. Турнир алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Жаңа доптың атауы – Trionda. Бұл испан тілінен аударғанда «үш толқын» дегенді білдіреді және үш елдің бірлігін меңзейді. Дизайнда үш түстің үйлесімі қолданылған: қызыл – Мексиканы, жасыл – Канаданы, ал көк – АҚШ-ты бейнелейді. Доптың бетінде елдердің ұлттық белгілері де бар. Канаданы – жапырақ, Мексиканы – қыран, АҚШ-ты – жұлдыз қып бейнелеген. Trionda тек әдемі көрінісімен ғана емес, технологиясымен де ерекшеленеді. Оның ішінде арнайы чип орнатылған. Ол 500 Гц жиілікте жұмыс істеп, доптың…

Толығырақ