Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Алматының Орталық стадионында бүгін футбол жанкүйерлерін ерекше тартысты кездесу күтіп тұр. Чемпиондар лигасы аясында жасыл алаңға алматылық «Қайрат» пен әлем футболының аңызына айналған «Реал Мадрид» шығады. Стадионға қазақстандық жанкүйерлермен қатар, шетелден келген қонақтар да жиналмақ. Ойын барысында тәртіп пен қауіпсіздікті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің мыңнан астам әскери қызметшісі қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қатардағы жауынгерлер Ержан Жарков пен Руслан Тілеуқабыл да бар. Ақтаудан шақырылған Ержан Жарков қазақ, орыс, ағылшын, испан және француз тілдерін еркін меңгерген. Ол күн сайын Алматы көшелерінде патрульде жүріп, тұрғындар мен туристерге көмек көрсетіп келеді. Қонаев қаласының тумасы Руслан Тілеуқабыл…
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Астанада бір топ адамның алаяқтық жасап, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген. Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылы күдікті әйел ұлының атынан берілген сенімхат негізінде әрекет етіп, “Банк ЦентрКредит” АҚ-нан жалпы сомасы 115 млн теңге болатын екі несие рәсімдеген. Қаржы “ДАМУ” қоры субсидиялайтын мемлекеттік жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында алынған. Несие алу үшін банкке жалған құжаттар ұсынылған. Оның ішінде мүлікті кепілге қоюға қатысты жалған бағалау актілері болған. Оң қорытынды алу мақсатында күдіктілер нарықтық құны сәйкес келмейтін жылжымайтын мүлікті өз аттарына рәсімдеткен. Сол жылы,…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Ауғанстанды басқарып отырған тәліптер өздері «имморальды құбылыстарға қарсы күрес» деп сипаттайтын саясат аясында дүйсенбі күні елді толықтай интернеттен ажыратты. Бұл туралы интернетті бақылаумен айналысатын халықаралық NetBlocks қызметі хабарлады, деп жазады BBC Russian. Ауғанстанда талибан билігі «мораль нормаларын енгізу» деген сылтаумен интернетті толық өшірді. NetBlocks халықаралық бақылау қызметінің мәліметінше, дүйсенбі күні таңертеңнен бастап елдегі бірнеше желі біртіндеп ажыратылған, сонымен қатар телефон байланысы да істемей қалған. Кабулдың тұрғындары BBC-ге берген сұхбатында шамамен кешкі сағат беске қарай талшықты-оптикалық интернет мүлде тоқтап қалғанын айтты. Ал халықаралық AFP агенттігі Кабулдағы өз бюросымен байланысын жоғалтқанын хабарлады. Тіпті ұялы телефон арқылы да…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда бүгінде жасы 100 және одан жоғары 448 азамат тұрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ең қарт қазақстандық – Ұлытау облысының тұрғыны, ол жуырда 115 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Жүзжасарлардың ең көбі Алматы қаласында – 58 адам. Түркістан облысында 53 адам, Алматы облысында 37 адам бар. Қазақстандағы ең қарт үш тұрғынның қатарына Ұлытау облысының 115 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы 113 жастағы азамат, Жамбыл облысының 110 жастағы тұрғыны кірді. Айта кетейік, жыл сайын 1 қазан күні әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы БҰҰ…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп әзірлеген «Газадағы қақтығысты тоқтатудың жан-жақты жоспары» атты құжатты жария етті. Жоспар 20 тармақтан тұрады, деп хабарлайды Анадолы. Ақ үйдің мәлімдемесінде, егер ұсынысты екі тарап та қабылдаса, «жауласу дереу тоқтайды», Израиль әскері «тұтқындарды босатуға дайындалу үшін кеңес өткізеді» деп көрсетілген. Осы кезеңде әуе шабуылдары мен артиллериялық соққылар тоқтатылады. Алдыңғы шеп әскерлерді толық әрі кезең-кезеңімен шығару мәселесі шешілгенге дейін сақталмақ. Құжатқа сәйкес, тірі және қаза тапқан тұтқындар Израильдің ресми келісімінен кейін 72 сағат ішінде қайтарылуы тиіс. Өз кезегінде Израиль 2023 жылғы 7 қазандағы оқиғадан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған 250…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Әнші Бейбіт Қорған Атырау әуежайында мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полицияға жеткізіліп, әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Әуежай аумағында болған оқиға кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 44 жастағы азаматқа қатысты хаттама толтырған. — Қоғамдық орында тәртіпті сақтамады, бейәдеп сөздер айтты және көліктегі полиция қызметкерлеріне бағынбады. Қоғамдық орында мас күйінде болды. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапқа тарту үшін істі сотқа жіберді, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес қаралды. Бүгін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әншіге қатысты…
Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуретін жариялады. Алғашқы суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп бейнеленген. Екінші суретте олардың қасында АҚШ Президентінің жұбайы Мелания Трамп та бар. Бұған дейін екі президенттің Бас ассамблеядағы кездесуі туралы хабарланған жоқ. Президент Тоқаев БҰҰ мінберінде баяндама жасап, америкалық бизнес басшыларымен кездескен болатын. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімшарттарға қол қойылды. Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді және Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевты қызметінен босатқан еді.
Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Астана қаласында нашақорлыққа қарсы 30 күндік барлау іс-шаралары күшейтілді. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізуге бағытталған. Байқоңыр ауданының полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлері «Astana jastary» еріктілер ұйымымен бірлесе есірткі тасымалдаушыларды ұстау мақсатында Өндіріс ауданына барлау жұмысын жүргізді. Барлау барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер күдікті тұлғаларды бақылап, жасырын қоймалар мен тасымал жолдарын анықтауға басымдық берді. Иісшіл иттердің көмегімен бірнеше аула мен бос ғимарат тексерілді. Барлық әрекеттер қатаң жоспар бойынша жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Сонымен қатар, тұрғындардан түскен хабарламалар мен шағымдар да назарға алынды. Полиция қызметкерінің айтуынша,…
Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Орегон билігі штаттың ең ірі қаласы Портлендке Ұлттық гвардия әскерін орналастыруға жол бермеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды NBC News. Талап арызда Портленд федералды сотынан Трамп әкімшілігінің Ұлттық гвардия әскерін Портлендке орналастыруын тоқтатуды және оның шешімін заңсыз деп тануды сұраған. Сотта жауапкер ретінде президент Дональд Трамп, қорғаныс министрі Пит Хегсет және ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм аталды. Орегон губернаторы Тина Котектің айтуынша, штатта немесе Портлендте әскерді орналастыруды талап ететін көтеріліс немесе қоғамдық қауіп жоқ. «Президентпен сөйлескенде мен оған бұл мәселенің негізсіз екенін жеткіздім. Бірақ ол Орегон тұрғындарының қауіпсіздігі мен өзін-өзі басқару құқығын елемеді. Бұл қажетсіз…
Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — LRT жүргізушісіз қозгалады. Сынақ барысында мамандар рельстерді, станцияларды, байланыс желілерін, жылжымалы құрамды, қауіпсіздік пен қозғалысты басқару жүйелерін тексереді, деп хабарлайды CTS баспасөз қызметі. 29 қыркүйектен бастап Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтық пайдалануы басталды. Ерекше назар қызметкерлерді дайындауға, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға және LRT-ны басқа көлік түрлерімен интеграциялауға аударылады. LRT құрамдары GoA4 аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған – бұл толық автоматтандырылған басқару жүйесі: қозғалыс, арақашықтықты сақтау, тоқтау, есіктерді ашу және жабу, деподан шығу және кіру, жуу жұмыстары оператордың қатысуынсыз жүзеге асырылады. «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дуйсебаевтың айтуынша GoA4 – рельсті көліктің ең жоғары деңгейдегі автоматтандыру…