Автор: erimbetkaz

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының басым бөлігі толып кеткен, экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикада 2 973 полигон мен қоқыс үйіндісі бар. Оның тек 608-і ғана талапқа сай келеді, бұл жалпы санның 20,4%-ы. Павлодар облысында 321 қоқыс алаңының 5-еуі ғана талапқа сай Мамандардың айтуынша, полигондардың көбі толған, сондықтан рекультивациялау, яғни қалпына келтіру жұмыстары қажет. «Кейбір дерекке сәйкес, елімізде 130 млн тоннадан астам қатты қалдық бар. Олар қазір шіріп, біршамасының беті жабылған. Орта есеппен алғанда қазір жыл сайын 4,5-4,8 млн тонна қалдық шығады», – дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Абылай…

Толығырақ

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Украина президентінің мәлімдемесі бүгінгінің кішігірім саяси сенсациясына айналды. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерді Қазақстанда өткізуге дайын екенін айтты. Әзірге Ақорда Украина көшбасшысының сөзіне реакция білдірген жоқ. Ал Кремль Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың аузымен украиндар «ұсыныстарын тым көп айтып жатқанын», Қазақстан аталмай тұрып, Ресей үшін «мүлде қолайсыз» саналатын елдерді де атағанын жеткізді. BM.KZ тілшілері Қазақстанның соғысып жатқан екі ел арасындағы келіссөздер үшін диалог алаңына айналу мүмкіндігі жайлы сарапшылар пікірін сұрап білді. ЖСДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжановтың айтуынша, Зеленскийдің бұл мәлімдемесі біздің ел үшін оң белгі. «Алайда күштердің қалай бөлінгенін…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда қабылданған жаңа Салық кодексі шағын бизнеске жеңілдік беріп, әкімшілік жүктемені азайтады. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, жеңілдетілген салық режимі салық төлеушілердің 70%-ына сақталады. Дәріхана, қоғамдық тамақтану, қонақ үй, жолаушылар тасымалы, балабақша және тұрмыстық қызмет көрсету сияқты 300-ден астам қызмет түрі жеңілдетілген тәртіппен жұмыс істей береді. Ал ірі компаниялар – құрылыс, жер қойнауын пайдалану, телекоммуникация, қаржы, IT және ірі сауда нысандары жалпыға бірдей салық режиміне ауысады. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа кодекстің басты өзгерісі – банктік шоттарды автоматты бұғаттау тоқтатылады. Оның орнына алдын ала тексеру енгізіліп, кәсіпкерлерге қателікті түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ кодексте зейнетақы…

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – Итальян және әлемдік кинематографияның аңызға айналған жұлдызы Клаудия Кардинале 23 қыркүйекте 87 жасында дүние салды. Бұл туралы актрисаның агенті Лоран Саври хабарлап, оның Париж маңындағы үйінде балаларының ортасында көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады France24. Клаудия Кардинале 1938 жылдың 15 сәуірінде Тунис маңында сицилиялық отбасында дүниеге келген. Жастайынан сұлулық байқауында жеңіске жетіп, әкесінің кеңесімен кино әлеміне қадам басты. Өзінің шығармашылық жолында ол 200-ден астам фильмде ойнады. Кардинале Федерико Феллинидің «8 жарым», Серджио Леоненің «Бір кездері Қиыр Батыста», Анри Вернейдің «Ана» сияқты әйгілі картиналарына түсті. Әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін Кардинале 1993 жылы Венеция кинофестивалінің «Алтын…

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалардың санын 48-ден 64-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс. Бұл бастаманы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес ұсынған. Сарапшылардың бағалауынша, ФИФА жобаны қолдауының ықтималдығы жоғары. Егер ұсыныс қабылданса, жаңа формат алғаш рет 2030 жылғы әлем чемпионатында қолданылады. Бұл жағдайда командалар әрқайсысы 4 құрамадан тұратын 16 топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне жолдама алып, жарысты олимпиадалық жүйе бойынша жалғастырады. Айта кетейік, 2030 жылғы футбол чемпионаты тарихта алғаш рет бірден алты мемлекет аумағында өтеді. Ойындар үш құрлықта – Еуропа, Оңтүстік Америка және…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қабылданған заң отбасылық заңнамадағы бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылыққа қатысты нормаларды нақтылады, деп хабарлады Мәжісітің баспасөз қызметі. Жаңа ережелерге сәйкес, бала асырап алуда бірінші кезекте оның туыстарына басымдық беріледі. Егер туыстары болмаған жағдайда, бұл заңды некеде тіркелген азаматтарға беріледі. Сонымен қатар, қамқоршы ретінде тағайындалатын адамдардың қатары кеңейтілді. Енді патронаттық тәрбиешілер, асырап алушылар және кәсіби патронаттық тәрбиешілер қамқоршы бола алады. Бұл ретте қорғаншылық органдары кандидаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті түрде тексеруге тиіс. Жаңа заңда қамқоршымен бірге тұратын адамдарға да қосымша талаптар енгізілді. Мәжіліс хабарламасында бұл өзгерістер балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілген.

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Мәжіліс «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Заң жобасын таныстырған Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, келісімге мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында қол қойған. Оның бастамашылары – ТМД-ға мүше елдердің қаржылық барлау бөлімшелерінің жетекшілері. — Орталықты құруға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары бастамашылық жасады. Келісім тәуекелдерді бағалайтын халықаралық орталық құруды көздейді. Ресей тарабы оның операторы және үйлестірушісі болады. Орталық қорғалған ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, ТМД елдерінің қаржылық барлау органдары арасында тиімді өзара іс-қимылды, ортақ ақпараттық…

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, оған қатысты түзетулер Мәжіліс депутаттарының ұсынысы бойынша екінші оқылымда мақұлданды. Заң елдегі ЖИ технологиясын реттеуді жүйелі түрде заңдастыруды көздейді. Құжат бойынша негізгі баяндама жасаған мәжілісмен Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобаларын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс депутаттары әзірледі. Бұл заң жобалары Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға құқықтық негіз қалайды. Жобалар азаматтардың қауіпсіздігіне, деректерді қорғауға және инновацияларды қолдауға бағытталған. — Заң жобасында жасанды интеллектті пайдаланудың негізгі этикалық қағидаттары бекітілген. Олардың ішінде адам құқықтарының басымдығы, жұмыстың қауіпсіздігі мен ашықтығы бар. Жасанды интеллект құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылмайды. Адам барлық шешімдерге жауапты болып қала…

Толығырақ

Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Сот сараптамалары орталығы виртуалды аутопсия жобасын пилоттық режимде іске асырып жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. – Виртуалды аутопсия адам денесін ашпай-ақ, арнайы аппарат арқылы ішкі мүшелерін тексеруге мүмкіндік береді. Алғашқы нәтижелер бұл жүйенің дәстүрлі аутопсиямен бірдей жұмыс істейтітінін көрсетті. Егер бәрі сәтті жүзеге асса, жаңа әдісті ел бойынша қолдану көзделіп отыр. Жалпы сот сараптамасы – әділ және нақты шешім қабылдауға көмектесетін маңызды бөлім. Қылмысты тергеу тиімділігі мен қоғамның сотқа сенімі зерттеу сапасына тікелей байланысты. Сондықтан салаға цифрландыру мен инновациялық технологияларды енгізу…

Толығырақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – Алматыда қант диабетімен ауыратын әйел медициналық орталықтың сапасыз қызметіне шағымданып, сотқа жүгінді. Нәтижесінде моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алды. Алмалин аудандық №2 сотында қаралған азаматтық іс бойынша, әйел аталған клиникаға қант диабетінің асқынуларын емдету үшін жүгінген. Ол медициналық қызметке 420 мың теңге төлеген. Алайда ем-шара тиісті нәтиже бермей, жағдайы нашарлаған. Кейін басқа ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған әйелге ота жасалып, оң аяғының бір саусағы ампутацияланды. Пациент өз арызында сапасыз ем салдарынан айтарлықтай физикалық және моральдық зиян шеккенін атап көрсетіп, төленген қаржының бір бөлігін қайтаруды және өтемақы төлеуді талап етті. Сот істі қарау барысында медициналық орталықтың талапты…

Толығырақ