Автор: erimbetkaz

Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда теңгемен қамтамасыз етілген алғашқы қазақстандық стейблкоин айналымға енгізілді. Жаңа стейблкоин EVO деп аталады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады. Оның айтуынша, жаңа қаражат түрі Ұлттық банктің реттеушілік қызметі («песочница») аясында іске қосылып отыр. Жобаны жүзеге асырғандар қатарында Intebix компаниясы, оның серіктестері Solana мен Mastercard, сондай-ақ, Еуразиялық банк бар. Теңгеге байланған жаңа цифрлық актив криптовалютамен алмасуға және криптокарталар арқылы төлем жасауға қолданылмақ. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұндай бастама ішкі нарықтағы өтімділікті сақтап қана қоймай, қолданыстағы қаржылық жүйемен үйлесімділікті арттырады және Қазақстанның цифрлық активтер экожүйесінің дамуына серпін береді.

Толығырақ

Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Бақытжан Малыбаев қызметінен кету туралы рапорт жазып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Қыркүйек айының басында Малыбаевтың қол астындағы қызметкерлердің заң бұзушылықтарына байланысты қызметін босатуға өтініш бергені белгілі болған еді. «Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Малыбаев рапорт бергеніне байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған қызметінен босатылды», – делінген ведомствода. Бақытжан Малыбаев бұл қызметті 2024 жылдың қыркүйегінен бері тура бір жыл атқарды. Бұдан бұрын ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарын заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен қамауға алған болатын. Ұсталардан бір күн бұрын ол қызметінен жағымсыз…

Толығырақ

Алматы. 23 қыркүйек. BM.KZ – Алматыда белсенді Амантай Асылбекке (Амантай қажы) қатысты қылмыстық іс сотта қаралып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетсек, 16 шілдеде болған оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрда екі тарап жанжалдасып, кейін әйелдің баспалдақтан құлап кеткені анық көрінеді. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған. Осы дерекке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын. «Айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Жәбірленуші оған ешқандай талабым жоқ деп мәлімдеп, кешірім бергенін жеткізді», – делінген сот хабарламасында. Сот өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңіл немесе орташа…

Толығырақ

Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ — Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында дәрігерлер ұйқы безінің ауыр ауруы — панкреонекрозбен ауырып, өте күрделі жағдайда түскен ер адамды операция жасамай-ақ емдеп шығарды. Науқас 1982 жылы туған, хирургия бөліміне аса ауыр жағдайда жеткізілген. Мұқият тексерістен кейін дәрігерлер оған «панкреонекроз» диагнозын қойған. Хирургия бөлімі меңгерушісі Сакен Кублановтың айтуынша, панкреонекроз — әлемдегі ең қауіпті аурулардың бірі. Бұл жағдайда ұйқы безінің тіндері бұзылып, ағзада қатты улану жүреді. Мұндай ауыр науқастарда тірі қалу ықтималдығы шамамен 50/50 болады. «Бұрын мұндай диагноз қойылған соң, дәрігерлер дереу операция жасайтын. Бірақ енді халықаралық медициналық тәжірибеге сәйкес, алдымен консервативті ем қолданады. Егер дәрі-дәрмекпен емдеу көмектеспесе,…

Толығырақ

Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Жаңа сервис өндірушілерді, сауда желілерін және ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін делдалдардың көмегінсіз тікелей байланыстырмақ. Қазақстандық фермерлер арнайы маркетплейс арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет отырысында мәлімдеді. Алаңды құру жұмыстары «Қазақтелекоммен» бірлесіп жүргізілуде. «Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу комиссиясының жұмысы барысында пайдасыз делдалдар анықталып, олардың қызметі тоқтатылып жатыр. Біз агромаркетплейсті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол өндірушілерді, сауда желілерін және ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін делдалдардың көмегінсіз тікелей байланыстыратын болады», – деді министр. Сервис жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс. Темірлан Құсбаев, BM.KZ Астана

Толығырақ

Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Бас прокуратураның Мүлікті қайтару комитетінің Нұрбол Назарбаевқа қатысты өтінішін қарауды бастады, деп хабарлайды Курсив. Әлеуметтік желілерде Назарбаевтың үстінен іс қозғалып, оның жауапкер екені жөнінде ақпарат тарағанымен, ресми мәліметке сәйкес, бұл шағым емес, тек өтінішті қарау процесі болып табылады. Құпия материалдардың болуына байланысты сот тыңдауы жабық форматта өтеді. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың мұрагерлік ісі жаңа мәліметтермен толықтырылып жатыр. Қайтыс болғаннан кейін оның әйелі кәмелетке толмаған балаларының мұраға қатысты құқықтарын қорғау үшін әрекет бастаған. Дегенмен, белгілі заңгер Анна Чернованың айтуынша, мүлікті бөлісу процесі марқұмның үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың…

Толығырақ

Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Құрама Штаттар Президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісінің АҚШ-тағы қызметін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан келіссөздерде белгілі миллиардерлердің, соның ішінде медиа магнаты Руперт Мердок, оның ұлы Лахлан Мердок және Dell Technologies компаниясының негізін қалаушы Майкл Деллдің қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы CNBC хабарлады.  Бұл бастама АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері аясында жүзеге асырылып жатыр. Келісім бойынша, TikTok-тың АҚШ-тағы операциялары жаңа құрылымға беріледі, оның құрамында АҚШ инвесторлары басым болады. Oracle компаниясы қолданушылардың деректерін қорғауға жауапты болады, ал TikTok-тың алгоритмі АҚШ бақылауына өтеді. Трамп бұл тұлғаларды «америкалық патриоттар» деп атап, олардың елге пайда әкелетінін атап өтті.…

Толығырақ

Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Іле ауданының Күрті ауылдық округінде жүріп өтіп, еліміз үшін жаңа рекорд тіркелді. Керуен құрамына мың түйе енгізіліп, арнайы дайындалған бір шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан болатын. Қазақстанның көрсеткіші бұдан үш еседен аса озып, әлем назарын аудартты. Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг керуенді жіті бақылады. «Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін алғаш рет көріп отырмын. Бұл жетістік тек ұлттық мәдени мұра емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс», – деді. Іс-шарада ұлттық нақыштағы бес киіз үй…

Толығырақ

Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапар жасайтынын жариялады. Қызығы сол, президент Торғай өңіріне ерекше назар аударды. Бұл атау жергілікті тұрғындардың жадында сақталғанымен, облыс ретінде шамамен отыз жыл бұрын жойылған. «Биыл міндетті түрде Арқалыққа барамын. Бір кездері уәде берген едім, сол уәдені орындайтын уақыт келді. Торғай өңірі ерекше назарда болуы тиіс», — деді Тоқаев. Мемлекет басшысының жойылған әкімшілік аумақты атауы тегін емес сияқты. Президенттің бұл сөзінен соң BM.KZ редакциясы «жақын арада Торғай облысы қайта құрылуы мүмкін бе?» деген орынды сауалға қалды. Оның үстіне, үш жыл бұрын Тоқаевтың Қазақстан картасын өзгерткенін ескерсек, бұл ой тіпті орынды көрінеді. Осы сұрақпен біз ХІХ ғасырдың…

Толығырақ

Астана тұрғындары үшін қалада тағы бір қоғамдық кеңістік пайда болды. Сарайшық ауданында, Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы аумақта астаналықтар енді жаңартылған жолмен серуендеп, жаңадан пайда болған велосипед жолымен қатынай алады. Жаңартылған орын кеше өткен жаймашуақ жексенбіде қала тұрғындарына таныстырылды. Аудан әкімшілігі қуанышты жайтты құр өткізбей, сол төңірек тұрғындары үшін көңілді шара ұйымдастырды. Онда спорттық ойындар, балаларға арналған ойын-сауық, отбасылық және балалар сайыстары өтіп, аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін аулады. Сондай-ақ, батпырауық ұшырып, викториналар қойылып, соңына қарай көше музыканттары шараның шырайын аша түсті. Жалпы биыл Астанада абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде, «Сарайшық» ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау…

Толығырақ