Автор: erimbetkaz

 Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ – Қаза тапқан жауынгердің отбасы бұл істі жеке бақылауына алуды сұрап, ел Президентіне жүгінді. Қазақстан армиясында тағы да қайғылы жағдай тіркелді: мерзімді қызметтегі 01098 әскери бөлімінің сарбазы Дінмұхамед Шынарбек қаза тапты. Бұл туралы оның немере әпкесі Еңлік Қалтаева Instagram парақшасында жазды. «Өткен жылдың күзінде әскер қатарына менің інім Шынарбек Даниял Талғатұлы шақырылды. Көктемде оның егізі Шынарбек Дінмұхамед Талғатұлы да ел алдындағы борышын бірге өтеу үшін (Отар) әскерге барды. Олар қатар жүріп қызмет етті, алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамедті Матибұлақтағы 01098 әскери бөліміне ауыстырып, бауырынан айырып жіберді. Ал сыңарларды бөлуге болмайды. Дәл сол жерде қайғылы оқиға болды.…

Толығырақ

Маңғыстау. 18 қыркүйек. BM.KZ — Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті.

Толығырақ

Түркістан облысы. 18 қыркүйек. BM.KZ — 11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің «қызметі» үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту»…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ – Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. «2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Акадыр — Қарағанды учаскесінде, Жарық — Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі жолға шығып кеткен Mazda маркалы автокөлікті байқап, шұғыл тежегіш басты. Алайда соғысудың алдын алу мүмкін болмады», — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан қаза болды. Оқиға жөніндегі ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстан АҚШ нарығына азық-түлік экспорттау бағытында серпінді қадам жасады. Алғашқы партиялар қазірдің өзінде Amazon платформасында сатылып жатыр. Нью-Йорк қаласына Eurasian Legacy бренді үшін 50 тонна бидай ұны жеткізілді. Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарларды ілгерілету жөніндегі жаңа стратегия аясында жүзеге асқан алғашқы ірі экспорттық жоба. Алдағы уақытта Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade бірыңғай экспортты дамыту операторының қолдауымен жеткізілім көлемін айына 100 тоннадан астам ұнға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Өнім қазірдің өзінде Amazon және Walmart секілді ірі онлайн-платформаларда сатылып, бірқатар америкалық наубайханаларда ұсыныла бастаған. Amazon-дағы бағасы – 1,36 келілік қаптамасы үшін $14,50. Қаптамада «Product of Kazakhstan»…

Толығырақ

Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ – Тұрғын үйлерді қалпына келтіру шығындары KaRima кафесінің есебінен және әкімдіктің қолдауымен жүргізіледі. 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында әкімдік, ТЖД және ПД өкілдері бірлесіп жедел штаб құрды. ТЖД мен ПД-ның үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындарға қаладағы қонақүйлерде уақытша баспана ұйымдастырылды. Сондай-ақ жан-жақты көмек көрсетіледі. Тәулік ішінде зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары KaRima кафесінің иелері мен…

Толығырақ

BM.KZ редакциясына астаналық тұрғын Айгүл Әлиева хабарласты. Оның айтуынша, тығырыққа тірелген. Ұлы Нұрым Шомай әуелі жұмыс берушінің салғырттығынан зардап шексе, кейін мемлекеттік органдардың немқұрайлығына тап болған. Бұл драмалық оқиғаның соңғы нүктесі Еңбек министрлігінің медициналық-әлеуметтік сараптамасының оның ұлын мүгедектік тобынан айыру туралы шешімі болды. «Ұлым апаттан кейін мүгедек болып қалды. Әуелі оған II топ мүгедектігі берілді, кейін III топқа ауыстырылды. Ол еңбекке жарамдылығын сақтап, қоймада жұмыс істеп жүрді. 2023 жылдың ақпанында жұмыс орнында үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды. Оған ота жасалды және II топ мүгедектігі берілуі керек еді. Оның орнына III топты да алып тастады. Құжат бойынша ол мүлде сау…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Ұлытау облысының прокурорлары Жаңаарқа ауданындағы пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды. Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Жаңаарқа ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталған. Қадағалау актісі бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 295 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – АЭХА Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмас Сәтқалиев Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Гроссимен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе атом электр станциясын салу жоспарына, инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ ядролық технологияларды өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтау саласында қолдануға баса назар аударылды. Рафаэль Гросси Қазақстанның қадамдарының жүйелілігі мен дәйектілігін атап өтіп, Агенттіктің ядролық бағдарламаның барлық кезеңінде – алаңды таңдаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейін кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, уран ресурстарын ұтымды пайдалану,…

Толығырақ

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – E-Tamga жаңа жүйесі нені білдіреді, ол кімдерге әсер етеді және іскерлік ортада неге қызу талқылауға түсті? 2026 жылдан бастап Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жалған операциялармен күресу және ашықтықты арттыру мақсатында әзірленген E-Tamga электронды бақылау жүйесі енгізіледі. Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл өзгеріс ең алдымен бухгалтерияға қатысты болса да оның салдары көптеген компанияларға — әсіресе шағын және орта бизнеске әсер етуі мүмкін. E-Tamga дегеніміз не? E-Tamga — электронды шот-фактуралардың (ЭШФ) дұрыс рәсімделуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе. Жаңа тәртіпке сәйкес, егер компания белгілі бір критерийлерге сәйкес келсе, ол ЭШФ жазбас бұрын арнайы салықтық шотқа ҚҚС сомасын алдын…

Толығырақ