Автор: erimbetkaz

Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Бүгінде банктер қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін, егер ол алғашқы алты айда (бір жылға дейінгі мерзімге қарыздар бойынша) не бірінші жыл ішінде (бір жылдан астам мерзімге қарыздар бойынша) жүзеге асырылса, айыппұл санкцияларын алуға құқылы. Бұл шектеу барлық қарыз алушыларға қатысты қолданылады. Алайда, 2025 жылғы 31 тамыздан бастап заң өзгереді: мұндай айыппұлдар тек заңды тұлғаларға (компанияларға) қатысты қолданылады. Бұл жайлы Fingramota жазды.  Қарапайым адамдар, жеке тұлғалар үшін мерзімінен бұрын өтесе ешқандай айыппұл болмайды, берешекті кез келген уақытта қосымша айыппұл санкциясыз өтеуге болады. Мерзімінен бұрын өтегенде әдетте банк екі сценарий ұсынады. Өзіңіз таңдаған нұсқаны жазып көрсеткен жөн,…

Толығырақ

Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Кипрдің оңтүстігінде тұтанған орман өртінде құтқарушылар өртенген көліктен екі адамның мүрдесін тапқан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, көлік 77 жастағы әйелге тиесілі болған. Құрбандардың екеуі де ауыл тұрғыны, қарт ерлі-зайыпты болуы мүмкін. Бұл туралы BBC жазды.  Өрт сәрсенбі күні түстен кейін Лимасол аймағындағы Малиа ауылында басталған. Жалын 100 шаршы шақырымнан астам аумақты жайлап, үйлерді қиратты. Ондаған адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жалынды ауыздықтауға 250-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Күшті жел мен аптап ыстық тілсіз жаудың таралуын қиындатып отыр. Елдің Метеорология департаменті бейсенбі күні ауа температурасы құрлықта +44°С-қа дейін көтерілетіні жөнінде дабыл қақты. Кипр Өрт сөндіру қызметі қазір…

Толығырақ

Ақтөбе. 25 тамыз. BM.KZ — Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Жәкібай Бисенғалиеваны мерейлі 110 жасымен құттықтап барды. Әжей 1915 жылы 24 тамызда дүниеге келген, тыл еңбеккері. Көп жыл қазіргі Хромтау ауданында тұрған. Әз ана әлі де тың. Әңгімесін асықпай айтып, құттықтап келген баршаға ақ батасын берді. Жәкібай әжей екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретін тартып, тылдағы ауыр еңбектің азабын арқалаған, ешқандай қиындыққа мойымаған жансебіл ана. Новороссийск ауданы ұжымшарында астық таразылап, тракторшы, кітапханашы және сауыншы болып жұмыс істеген. Жұбайы Ғабит Бисенғалиев атамыз Ұлы Отан соғысынан бірінші топтағы мүгедек болып оралып, 1993 жылы дүниеден озған. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп, өсірді. Қарт ана қазір бейнетінің…

Толығырақ

Астана. 22 тамыз. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінде Садыр Жапаровты қырғыз халқын алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, білікті саясаткер деп білетінін айтты. «Қырғызстанды көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қырғыз экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың, ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік салада, ғылым-білім жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалуда. Мұның барлығы қырғыз елінің экономикасын нығайтып, халықаралық сахнадағы абырой-беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сіздің көреген қадамдарыңыз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді. Парасатты басшылығыңызбен бауырлас…

Толығырақ

Елордалық тігінші әлемге әйгілі әншінің сахналық киімдерін қалай дайындағанын айтып берді.  Белгілі әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде костюмерлер командасы 15 сағат бойы жұмыс істеген. Осы аралықта елордалық тігіншілер әнші мен оның бишілерінің 50-ден астам сахналық костюмін реставрациялаған. Концерт кезінде америкалық әншінің костюмерлер командасына елордалық тігіншілер қызмет көрсеткен. Оның арасында модельер-конструктор Абдулманап Мұратов та болды. «Желімдеуге рұқсат бермеді, қолмен тігіп шықтық» Абдулманап жұмыс істейтін компанияға Джей Лоның концертінде костюмерлер командасына қосылып, жұмыс істеу туралы ұсыныс түскенде тамсанып қалғанын айтады. Бұл уақытта концертке бір ай қалған еді. Ал бір апта қалғанда командада жұмыс істейтін он адамды іріктеп алған. Кейіпкеріміз солардың бірі…

Толығырақ

Астана. 22 тамыз. BM.KZ — Тамыздың 16-30-ы аралығында Шымкентте нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп келеді. Ұлттық құрама бүгінде 9 медаль еншілеп үлгерген. Оның екеуі алтын, біреуі күміс және 6 қола бар. Қазақстанға алғашқы алтынды Ислам Сәтбаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын артта қалдырып, Азия чемпионы атанды. Жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуында тағы бір алматылық спортшы Артём Седельников алтын медаль иегері атанды. Ол шешуші сында Үндістан спортшыларын басып озды. Бұған дейін әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында Анастасия Молчанова қола жүлдеге қол жеткізсе,…

Толығырақ

Астана. 22 тамыз. BM.KZ — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған 3 және 6 айдағы қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады.  Компанияның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы түсімі 4 500 млрд теңгені (8 789 млн доллар) құрап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,2% жоғары болды. Түсімнің өсуі KMG International компаниясындағы және «ҚМГ» Корпоративтік орталығы деңгейіндегі мұнай өнімдерін сатудан түскен түсімнің артуымен байланысты. Алайда теңгенің долларға қатысты жылдық әлсіреуі, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі және өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғарылауы кері әсер еткен. Компанияның таза пайдасы 2024 жылдың сәйкес…

Толығырақ

Астана. 22 тамыз. BM.KZ — Астанада тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріліп, нүктелік құрылысқа қарсы нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.  Әкімнің айтуынша, бүгінде елордада осындай 22 учаске анықталған. Бұған дейін көппәтерлі тұрғын үй кешендері салынбақ болған бұл орындардың орнына енді мектептер, балабақшалар, емханалар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер бой көтереді. «Барлық нысан бойынша көрші үйлердің тұрғындарымен және құрылыс салушылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір екі жоба бойынша іс сотта қаралып жатыр, қалғандарының мәселесі шешілді», – деді әкім. Мәселен, Косыгин көшесі маңындағы Есіл өзенінің жағалауында көпқабатты тұрғын үй кешенінің орнына гүлзар салу туралы шешім қабылданды. «Copenhagen» тұрғын үй кешені ауданында…

Толығырақ

Астана. 21 тамыз. BM.KZ — ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымда жүрген 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алынған. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

Астана. 21 тамыз. BM.KZ — Бас прокуратура лазерлік құрылғылар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен әуе кемесін басқаруға кедергі келтіргендерге қылмыстық жауапкершілік жайында хабардар етті. Ұшқыштарды лазерлік құрылғылармен соқыр ету қаупі нақты және өте қауіпті. Мұндай әрекеттер ұшу қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, әсіресе ұшу және қону кезінде. Мұндайда ұшқыштар уақытша көру қабілетінен айрылып, оның арты ұшақ апатына әкелеуі мүмкін. Қазақстанның авиациялық қызметтерінің мәліметі бойынша, соңғы 6 жыл ішінде жолаушылар лайнерлерінің экипаждарының көзін шағылыстырған 98 оқиға тіркелген. Оның ең көбі Алматы халықаралық әуежайында болған. Онда 2017 жылы 8 хабарлама тіркелсе, 2023 жылы 30-ға жеткен. Соңғы уақытқа дейін отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы…

Толығырақ