Автор: erimbetkaz

Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Ақтау қалалық полиция басқармасының подполковнигі Лейла Саидова әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін жұрт назарын аударды. Ондағы подполковниктің сұлулығын әйгілі актриса Моника Беллуччиға теңеп жатқандар бар. Baimedia.kz көпшілік ықыласына бөленгенн сол полиция қызметкеріне хабарласып, жағдайдың мән-жайын біліп, сонымен бірге, өзі жайында да біраз жайға қанықты. Видео авторы полицейді салғырттық пен қызметтік міндетін орындамады деп айыптаған еді. Ал жұртшылық оның орнына подполковниктің ажарлы көркіне тамсанып, негізгі мәселе көмескіленіп қалды. Өзінің айтуынша, полиция сапында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді, 41 жаста, отбасылы, бір ұл тәрбиелеп отыр. Сөзіне қарағанда, бала күнгі арманы болғандықтан, осы салаға өз таңдауымен келген.…

Толығырақ

Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті терең құрмет белгісі ретінде еліміздің Мемлекет басшысына IX дан қара белбеу табыс етті. Бұл туралы Ақорда жазды. Мемлекет басшысы бүгін Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады. Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды. Кездесу барысында президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Сондай-ақ, Чунгвон…

Толығырақ

Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Білім беру ұйымдарында көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыруды көздейтін жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айты. Стандарт дұрыс тамақтануға қойлатын заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген және қантты тұтынуды 3,6 есеге дейін, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді. Есесіне, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыру қарастырылған. Стандартта сондай-ақ, шағын жинақты мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар қамтылған. Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» енгізілді. Ол балалардың тамақтануға…

Толығырақ

Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Суасты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды. 12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі шығарылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат. Айта кетейік, 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың денесі табылған еді. Ол эскадрилья командирінің (армиялық авиация) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 1-сыныпты ұшқыштың EC-145 тікұшағын басқаруда тәжірибесі айтарлықтай, жалпы ұшу уақыты – 930 сағат. Жоғары кәсіби дайындығымен, жауапкершілігімен, бастамашылдығымен және…

Толығырақ

Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Алматы облысында «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіру әрекетінен кейін бірқатар шенеунік қызметінен кетті. Бұл туралы Kazinform хабарлады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, президент әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылған. Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы Салтанат Бесбаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов те қызметтерінен кеткен. Ал облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс берілген. Болат Күреңбеков бұл лауазымға 2024 жылдың тамызында тағайындалған. Салтанат Бесбаева білім басқармасын 2022 жылдың маусымынан бері басқарған. Ал Ерік Әбитов ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне 2024 жылдың сәуірінде келген. Еске салайық, 21 шілдеде «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан…

Толығырақ

Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Бас прокуратура биылғы 7 айдағы инвестициялық жобаларды қолдау, бизнесті қорғау және активтерді мемлекетке қайтару бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Прокуратура органдары 2023 жылдан бері 1 522 инвесторға қолдау көрсетіп, жалпы құны 8,3 трлн теңгелік жобаларды іске асыруға көмектескен. Бұл ондаған мың жұмыс орнын құруға және сақтауға мүмкіндік берген. Биыл ғана мобильді топтарға 800-ден аса кәсіпкер жүгініп, әр төртінші өтініш расталған. Кәсіпкерлердің шағымдары негізінен тексерулердің заңдылығына, шектеу шараларына және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелеріне қатысты болған. Нәтижесінде 86 қадағалау актісі енгізілген. Инвесторларды қорғау үшін биыл бірінші тоқсанда заңнамада «прокурорлық сүзгі» енгізіліп, рұқсат алу рәсімі жеңілдетілген және…

Толығырақ

Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Польшада Қазақстан елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық ісі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазТАГ дереккөзі. «Польшада Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әскери атташесінің көмекшісін шпионаж үшін қамауға алды», – деді ҚазТАГ редакциясына дүйсенбі күні дереккөз. Редакция Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады.

Толығырақ

Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президенттің айтуынша, алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс әрі жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланатын ел болуы қажет. Осы биік мақсатқа жету үшін стратегиялық бағдарымызды айқындап алу керек. «Биыл шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі «America’s AI Action Plan» стратегиясын жариялады. Онда жасанды интеллект АҚШ-тың технология, экономика және қорғаныс салаларында көшбасшы ел болып тұруына қажетті аса маңызды құрал ретінде қаралған. Мамандарымыз осы және басқа да құжаттарды мұқият зерделеп, нақты қорытынды жасауы керек. Ал Қытай Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жаһандық ұйым құру…

Толығырақ

Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының тамыздағы сауалнамасы бойынша, доллар бағамы бір жылдан кейін 573 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш алдыңғы болжамдағы 548,5 теңгеден жоғары. Сарапшылар мұндай өзгерісті валюта нарығындағы тұрақсыздықпен, сауда балансының профицитінің төмендеуімен, ішкі сұраныстың артуымен және шикізат бағасының құбылмалы болуымен байланыстырады. Сондай-ақ, жылдық инфляциялық күтулердің 10,4%-дан 11,3%-ға өсуі де алаңдатып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл факторлар Ұлттық банкті қатаң ақша-несие саясатын сақтауға итермелеуі мүмкін. Базалық мөлшерлеме бойынша бір жылдық болжам 15,25%-ға көтерілді. Ал Brent маркалы мұнайдың бір жылдағы болжамдық бағасы қазіргі 67 доллар деңгейінен 66,5 долларға төмендеуі ықтимал.

Толығырақ

Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан үкімге қатысты апелляциялық шағым берілді. Ақпаратты адвокаттары Арман Дәулетияров растады. Айтуынша, ол сот шешімін жоюды және қорғауындағы адамдарды толық ақтауды талап еткен. Себебі, олардың ісінде қылмыс құрамы жоқ деп санайды. Шағымның қашан қаралатыны әзірге жарияланбады. Ал 25 шілдеде шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, сол күні Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оларға алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырған деген айып тағылған. Үкімнен кейін Арман Дәулетияров бұл шешімді «негізсіз әрі заңсыз» деп, оны міндетті түрде қайта қаратуға әрекет жасайтынын…

Толығырақ