Сенат депутаттары жаңа Салық кодексі жобасын жалпы қолдағанымен, бірқатар маңызды түзетулер ұсынды. Құжат Мәжіліске қайта қарауға жіберілді. Ұсынылған негізгі өзгерістер: ҚҚС жеңілдігі: Қосымша құн салығынан (ҚҚС) төлем карталары арқылы жүргізілетін операциялар босатылады. Бұл шара банктік транзакциялардың қымбаттауын және халықаралық есеп айырысулардағы қиындықтарды болдырмауға бағытталған. Сән-салтанатқа акциз: Қымбат автомобильдер, кемелер мен ұшақтарға акциз тек импорт кезінде емес, ішкі нарықта сатылғанда да салынады. Дивидендке салық жеңілдігі: Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бағалы қағаздардан дивиденд алатын жеке тұлғаларға табыс салығы бойынша жеңілдік енгізіледі. Бұл жеңілдік «Астана» халықаралық қаржы орталығының ережесіне ұқсас. Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Автор: journalist
22 маусым, сағат 11:30 шамасында Астана қаласына жақын орналасқан Жоламан әуеайлағы маңында оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында жеңіл моторлы TL-2000 әуе кемесі апатқа ұшырады. Ресми мәліметке сәйкес, ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған. Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесінде екі экипаж мүшесі болған, екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Апаттың нақты себептері анықталу үстінде. Осыған байланысты авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі арнайы комиссия құрылатыны хабарланды. Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті мамандары оқиға орнына аттанып, тиісті тергеу жұмыстарын бастады.
Шығыс Қазақстан облысында тыйым салынған аумақтарда балық аулап жүрген үш браконьерлік топ анықталып, ұсталды. Атап айтқанда, Тарбағатай ауданының Қарақой ауылы маңында ұсталған топ көксерке, шортан, табан сынды балықтарды заңсыз аулаған. Тәртіп сақшылары 130 келіге жуық балықты, моторлы қайық пен балық аулау құралдарын тәркіледі. Табиғатқа келтірілген шығын — 700 мың теңгеден жоғары. Марқакөл ауданындағы Шеңгелді ауылының маңында екі бірдей топ қолға түсті. Бірінші топтан — 117 келіден астам, ал екінші топтан — 50 келіден астам балық пен арнайы аулау құралдары және автокөлік тәркіленді. Бұл екі топтың әрекетінен келген зиян сәйкесінше 780 мың және 322 мың теңгеге бағаланды. Аталған деректер бойынша қазіргі…
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Stadler Kazakhstan кәсіпорны құрастырған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды. Заманауи талаптарға сай жасалған бұл вагондар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған арнайы бейімделген вагондарды өндіреді. Биылғы жылдың соңына дейін 51 жаңа вагон пайдалануға беріледі. Ал 2030 жылға дейін жалпы саны 557 вагон жолға шығады деп жоспарлануда. Бұл бастама Қазақстанның ұлттық тасымалдаушы компаниясының вагон паркін толық жаңартуға жол ашады. Сонымен қатар өндіріс процесіне отандық кәсіпорындар тартылып, вагондарды локализациялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Stadler Kazakhstan – еліміздің көлік-логистика саласындағы маңызды жобалардың бірі. Жаңа буындағы вагондар ішкі туризм мен…
Қазіргі таңда психология дамып, әсіресе қыз-келіншектер өздеріне керек тақырыптарды оқу үстінде. Ол трансформация, отбасылық мәселелер, кейбірінде ақша табудың жолдары. Яғни, түбірі миды басқаруға талпынады. Бірақ ең танымал әрі өзекті бағыттың бірі – әйел энергиясы. Иә, көптеген жылда әйелдің қадір-қасиеті үйіндегі қазан-ошағымен бағаланды. Егер әйел карьерасын тастап, тұрмысқа шықса – мықты әйел. Көп бала туып, еріне бағынып, көгерген көзім «өзімнен» десе – дана әйел. Тіпті, «байынан таяқ жемеген қатын, қатын емес» дейтін жалаң мақтаныш қонған дарақы әйелдер де бар. Қысқасы, сауатсыздық көп. Ал енді, жаңа заманның фембикелері, ер мен әйелдің құқығын тең етуге тырысып жатыр. Психологтар да «өзгеріңдер» деп дабыл қағуда.…
Атырау облысы, 2025 жылдың 13 маусымы — Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында басталған қамыс өрті 17 маусымда оқшауланды. Бұл — өңірде биыл тіркелген ең ірі табиғи өрттердің бірі. Ауданы 7 гектарды құрайтын жану ошағы қазіргі уақытта толық сөндірілген жоқ, ал өртті сөндіруге 80-ге жуық маман, 23 техника және «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты — халықаралық маңызы бар ылғалды-сулы алқап. Бұл аумақ Рамсар конвенциясы аясында қорғалатын экожүйе болып есептеледі және қызыл кітапқа енген құстардың 30-дан астам түрінің мекен ету ортасы. Сонымен қатар, резерват — балықтар мен…
Премьер-министр Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесті. Келіссөз барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жобасы талқыланды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба шекара маңындағы инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға және қолданыстағы көлік ағындарының жүктемесін азайтуға бағытталған. Атап айтқанда, салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге мүмкіндік беретін ұзындығы 3,2 шақырым, ені 12 метр айналма жол және ауданы 81,6 гектар көлік тұрақ аймағы салынады. Сонымен қатар, жоба аясында қосымша автожол көпірін салу және тиісті инфрақұрылымды орнату көзделіп отыр. Барлық құрылыс жұмыстары компанияның жеке инвестициясы есебінен жүргізіледі. Жобаның жалпы құны шамамен 50 миллион АҚШ долларын…
«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында орман өрттерінің алдын алуға бағытталған заманауи жобаның тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты. Жаңа жоба аясында резерваттың Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орманшылығында орман өртін ерте анықтауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйесінің алғашқы құрылғылары орнатылды. Бұл — табиғи апаттың алдын алу және оған шұғыл әрекет етуге мүмкіндік беретін озық технологиялық шешім. Жүйе тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін оптикалық және жылу бейнелеу (термовизиялық) камералармен жабдықталған. Олар 30 метрлік антенна-діңгектерге орнатылып, орман аумағын 360 градусқа шолу арқылы…
Бүгін, 16 маусымда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды. Мәртебелі меймандар үшін ерекше құрмет көрсетілді: трап басында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік туларын ұстаған балалар делегациясы Қытай басшысына ыстық ықыласын білдірді. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің айқын белгісі. Си Цзиньпиннің бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді деп күтілуде.
Астана төрінде Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендерге ерекше қойылым – «Күй» спектаклінің премьерасын ұсынды. Спектакльдің негізіне Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың терең мазмұнды «Күй» повесі арқау болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, классикалық прозаның сахналық шешімі өзгеше көркемдік тәсілмен жүзеге асқан. Театр труппасы автордың философиялық әрі психологиялық иірімдерге толы шығармасын жаңа интерпретациямен сахна төріне шығарды. Қойылым барысында көрермендер қазақтың төл өнерімен де сусындады – спектакль халық аспаптар ансамблінің тірі музыкалық сүймелдеуімен өтті. Бұл көркемдік шешім қойылымға ерекше әр беріп, ұлттық реңкті күшейте түсті. Спектакльдің өзегінде – басты кейіпкер…