Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар 377 млрд теңге көлемінде зейнетақы жинағын алды. Бұл – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылған 2013 жылдан бергі мәлімет. Осы уақыт ішінде 210 мыңнан астам салымшы өз жинағын толық шешіп алған. Бұл азаматтар бүгінде Қазақстанның бұрынғы азаматтары саналады. Зейнетақы жинағын алу тәртібі мен қажетті құжаттар туралы ақпаратты enpf.kz ресми сайтынан біле алады. Соңғы алты жылда Қазақстан азаматтығынан шығушылар саны айтарлықтай азайған. Мәселен, 2019 жылы 1700 адам азаматтықтан шықса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 77 адамды ғана құрады. Бұл статистикаға елден күштеп шығарылғандар кірмейді.
Автор: journalist
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда пайдаланылмай жатқан 12 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – жайылым тапшылығы. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда ел аумағында 70 мың гектарға жуық жайылым жер жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет игерілмеген және мақсатсыз пайдаланылған алқаптарды қайтарып, оларды халықтың қажетіне жарату жұмысын қолға алды. Жер ресурстарын қайта бөлудің аясында 2 миллион гектарға жуық жер халыққа тікелей үлестірілді. Сонымен қатар, 4 миллион гектар жер конкурс арқылы шаруаларға берілді. Бұл қадам аграрлық секторды дамытуға, шағын және орта шаруашылықтардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Мемлекет бос жатқан жерлерді тиімді игеруді, жер…
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында «BAYTAQ» жасылдар партиясы арнайы баспасөз конференциясын өткізді. Партия жиында Қазақстан Президентіне жаңа экологиялық идеология қабылдау жөнінде «Балаларымыздың жарқын болашағы үшін» деген атпен ресми үндеу жолдады. «BAYTAQ» жасылдар партиясы – қоршаған ортаны қорғау партиясы болғандықтан, арнайы ұсыныс дайындадық. Осыдан бір жарым жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткіздік. Бір жарым жылдың ішінде қаншама миллион адам экологиялық акцияларға қатысып, қаланың тазалығына, ағаш отырғызуға атсалысты. Соның арқасында қазір партиямыздың арнайы мониторингі бар, қала тазалығын қарап-бақылап отырамыз, – дейді партия төрағасы Азаматхан Әміртаев. Демек партияның дайындаған ұсынысы уақыт сүзгісі мен тәжірибе…
5 маусымда Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында 2018 жылы туған 8 жастағы қыз бала үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған. Сол күні кешкі сағат 21:28-де қыздың ата-анасы баланың жоғалғаны туралы жергілікті полицияға хабарлаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 02:19-да баланың денесі Құрсай өзегінен табылды. Бұл қайғылы оқиға қатысты бейне жазбада, егде жастағы ер адамның қыз баланы ертіп бара жатқандығы түсіп қалған. Әлеуметтік желіге таралып үлгерген бейне материал қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аталған факт бойынша 36 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы — «Адам өлтіру»…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елін мұсылман қауымның ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. «Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз.…
Экологияны қорғау мақсатында 1972 жылы БҰҰ-ның қаулысы бойынша 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып бекітілді. Содан бері әлемде табиғатты қорғауға қатысты іс-шаралары өтеді. Мәселен, Еуропадағы жаңалықтарға үңілсек өртелген қоқыстардың күлін де кәдеге жаратып,өзен-көлдерінің жағасын бекітуге, құрылыс материалдарын қайтадан шығаруға пайдаланады.Тіпті қураған ағаш пен жапырақтардан арнайы тыңайтқыш жасалынады. Сондай-ақ Батыс елдерінде істен шыққан техникалық бұйымдарды арнайы өндірістік контейнерге апарып тапсыруыңыз керек. Немесе 200-300 еуроға мамандарды шақыртып қоқыс бұйымынан арыласыз. Сұрыптау тәртібін сақтамағандарға 250 еуро көлемінде айыппұл салынады. Бельгияда қоқысты сұрыптау қатаң тәртіппен жүреді. Төрт түрлі пакетке сұрыпталатын әр қоқыс қайтадан өңдеуден өтеді. Ал,өңдеуге жарамайтын қоқыстар өртеліп одан электр…
4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Ал мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын айшықтайтын басты рәміздердің бірі – Ту. Байрақты бәскеде жеңіске жеткенде немесе ел басшылары ресми сапарға барғанда тудың көтерілуі ел айбынын асқақтата түседі. Бүгін ту туралы бірер түсініктерге шолу жасайық. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолындағы адалдығын аңғартады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс – барлық нәрсенің бастауындай, билік, айбын, тәуелсіздік, болашаққа ұмтылыстың бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстанның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін көрсетеді.…
Астанадағы автобус апатынан кейін үш адам ауруханаға түсті. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, бірі – 8 жастағы қыз. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды. 37 жастағы автобус жүргізушісі қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Республика даңғылы бойындағы «Самал» ықшамауданы маңында болған. Маневр жасау кезінде автобус бағанаға соғылған. Қазір апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Душанбе қаласында (Тәжікстан) климаттық бастамалар аясында «мұздықтарды сақтаудағы әйелдер» форумы аяқталды. Экологиялық жиынға Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары бас қосты. Форум аясында Тәжікстанның Орталық Азия-2025 әйелдер диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтті. Қазақстан делегациясын заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ басқарды. Делегация құрамында Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері де бар. Форумда сөз сөйлеген Экология министрлігінің өкілі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында климаттың өзгеруінің алдын алу мен оған бейімделудегі әйелдердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тұжырымдаманың ережелері, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру жөніндегі шаралары егжей-тегжейлі баяндалды. Форумға…
Кісі өлтірді деп күдіктелген күйеудің немере ағасы марқұм Айзирек Ералиеваның бес баласының қамқоршысы болуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы марқұмның туыстарына заңгерлік көмек көрсететін омбудсмен институты хабарлады. 38 жастағы Айзирек Ералиева 26 мамырда сағат 23: 20 шамасында оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 1985 жылы туған күйеуі қамауға алынып, екі айға қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмнан бес бала қалды: үлкені 17 жаста, екінші ұлы 9 жаста, үшіншісі 11 жаста, төртінші қызы 7 жаста, кішісі 4 жаста.