Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Baimedia.kz. Астана қаласында өткен «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану: сын-қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қазақстан мен Ауғанстан арасында тікелей шекара болмағанымен, жаңа каналдың салынуы елге бәрібір әсер ететінін айтты. «Алдағы уақытта судың күрт ауытқуы болмайды деп есептейміз. Бірақ стратегиялық тұрғыда Сырдария өзенінің ағысы азаятынын түсініп отырмыз. Бұл Аралымыздың тағдырына тікелей ықпал етеді», – деді ол. Конференцияны Қазақстанның жасылдар партиясы — BAYTAQ ұйымдастырды. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, болашақта Әмудария суының шамамен…
Автор: madina
Депутат Бақытжан Базарбек егер министрлердің орнын жасанды интеллект басса, бұл жаңалыққа қатты қуанатынын айтты, деп жазады Baimedia.kz. «Мен өзім жасанды интеллектті қолдаймын. Егер 100 мың адам жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кем дегенде 30 пайызын жасанды интеллектпен алмастырсақ, мен бұған қуанар едім. Ал егер 15–30 жыл ішінде министрлер мен әкімдердің орнын да ЖИ басса, бұл мен үшін ерекше қуаныш болар еді», – деді ол Мәжіліс отырысында. Алайда оның әріптесі Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект әзірге зерделеуді қажет ететін күрделі жұмыстарды атқара алмайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасың мәліметінше, Сауд Арабиясы билігі 2025 жылғы 29 сәуір мен 10 маусым аралығында қажылыққа визасыз немесе заңсыз келген адамдарға, сондай-ақ оларға көмектескендерге қатаң шара қолданады, деп хабарлайды Baimedia.kz. 2024 жылы Сауд Арабиясы 300 мыңнан астам шетел азаматының қажылықты заңсыз жасағанын анықтаған. Сол себепті 2025 жылдың 29 сәуірінен бастап бірнеше елдің азаматтарына электронды виза беруді тоқтатты. Бұл – умра визасымен келіп, қажылыққа қалып қойғандар саны көбейіп кеткеннен кейін қабылданған шешім. Қажылық визасы жоқ шетел азаматтарына, қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген азаматтарға және шетелдіктердің сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риалы…
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарапайым халықтың қымбат жидектерді сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін мойындады, деп хабарлайды Baimedia.kz. Оның сөзінше, маусымаралық уақытта бір килограмм шие бағасы 15 мың теңгеге дейін жетеді, сондықтан оны тек қалталы адамдар ғана сатып ала алады. «Шие килограмы 15 мың теңге тұрса, алмаймын. Нағыз маусымы келгенде бағасы мың, мың жарым теңге болады. Сол кезде ғана алып жей аламын», — деді Сұлтанов. Сарапшы Кирилл Павловтың айтуынша, биыл көктем құрғақ, ал жаз жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Мұндай ауа райы дүкендердегі азық-түлік бағасына тікелей әсер етеді. Әсіресе суармалы сумен өсетін көкөністер, жемістер, күріш және басқа да дақылдардың бағасы…
Қазақстанда техникалық қарасора өсіру мәселесі қайта талқылана бастады, бірақ бұл жолы Дариға Назарбаеваның бұған қатысы жоқ, деп хабарлайды Baimedia.kz. Парламентте қарасораны өндірістік мақсатта өсіруді заңдастыру туралы ұсыныс қаралып жатқанда журналистер 2014 жылы сол кездегі депутат Дариға Назарбаеваның Шу аңғарында өсетін қарасораны медициналық препараттар жасау үшін пайдалануды ұсынғанын еске алды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазіргі бастаманың артында мүлде басқа адамдар тұр. «Жоқ, бұл жолы бастама көтеріп отырғандар — басқа компаниялар», — деді ол үкіметтегі брифингте. Министрдің айтуынша, игерілмей жатқан бос жерлер жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Валиханов ауданында техникалық қарасора өсіру жоспарда бар. Министрдің орынбасары Азат Сұлтановтың сөзінше, қарасораның…
Жетісу облысының Сарқан қаласында православ христиандарының зираты тағы да су астында қалды, деп хабарлайды Baimedia.kz. Әкімдіктің айтуынша, бұл жағдайға жергілікті тұрғынның бірі себеп болған. Ол зиратты су басудан сақтау үшін қазылған арнаны өз бетімен жауып тастапты. Нәтижінде зиратты су басып, айналасы лайға толған. «2024 жылы зират аумағын су басудан қорғау мақсатында арнайы санитарлық арна қазылған болатын. Алайда көктемде, православ мерекесінің қарсаңында, Сарқан қаласының бір тұрғынының бастамасымен бұл арна жабылып қалған. Соның салдарынан су өз арнасымен ағып кете алмай, зират маңында жинала бастады. Арнайы техника тартылып, жұмыс күші жұмылдырылды. Су ағыны толығымен тоқтатылды», — делінген баспасөз хабарламасында. Әкімдік тұрғындарға арнаның жабылған…
Алты жыл бойы іздеуде жүрген «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Baimedia.kz. Қазақстанның Бас прокуратурасы 2019 жылдың қыркүйегінде Түркияның Әділет министрлігіне Арданды ұстап беру туралы ресми сұрау жолдаған. Биыл ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның нақты орналасқан жерін анықтаған. Нәтижесінде Түркия құқық қорғау органдары Талғат Арданды Анталья қаласында қолға түсірді. 2025 жылғы 9 мамырда Анталья соты оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарды. Қазір ол қамауда. Қазақстанның құзырлы органдары оны елге қайтару үшін құқықтық рәсімдерді бастаған. Еске сала кетейік, Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9…
Ұлыбританияда Болгарияның алты азаматы Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baimedia.kz. Патшалық прокуратура қызметінің мәліметінше, Орлин Русев басқаратын топ ресейлік тапсырыс берушілерді қызықтыратын адамдар мен нысандар туралы ақпарат жинаумен айналысқан. Солардың қатарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев те болған. «Олар Рысқалиевпен байланысты болуы мүмкін орындарда кезекшілік атқарып, сол мекенжайларға кіру жолдарын зерттеген. Стоянов Лондонда Рысқалиевтің резиденциясы жанында автокөлікте отырып бақылау жүргізіп жатқан кезде, оның екі көмекшісі оны бейнежазбаға түсіріп алған. Олар не істеп жүргенін сұрағанда, ол өзін жақын маңдағы аурухананың қызметкері ретінде таныстырған. Кейін бұл сөзін дәлелдеу үшін көлігіне…
Танымал режиссер, актер әрі сценарист Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазуға кіріскенін хабарлады. Бұл жайында ол Facebook парақшасында бөлісті. «Өзім туралы кітап жазуға бірнеше рет ниеттеніп, талай мәрте бұл ойымнан бас тартқанмын. Бұған дейін кітаптың немен аяқталатынын білмедім де, түсінбедім. Алайда соңғы күндері оның не туралы болатынын сезіне бастадым», – дейді Адамбай. Ол болашақ еңбегінің атауы «Мен кіммін?» болатынын да жария етті. Оның айтуынша, бұл — әр адам өзін-өзі тануға ұмтылғанда қоятын ең маңызды сұрақтардың бірі. Жаңа кітаптың қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.
Оқ жарақатын алған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауруханадан шыққанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді», – деп жазды Берденов. Ол сондай-ақ отандық медицинаның деңгейіне жоғары баға беріп, дәрігерлердің кәсібилігі мен жанашырлығына алғыс білдірді. «Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда, сынаққа толы болған осы…