Автор: erimbetkaz

Астана. 25 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 25 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Солтүстік Қазақстан облысы • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-473, 492-522-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін, Мамлютка айналма жолынан РФ шекарасына дейін); • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 729-856-шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін); • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-946-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін);…

Толығырақ

Астана. 25 қаңтар. BM.KZ – Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30–да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр. — Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері…

Толығырақ

Астана. 25 қаңтар. BM.KZ – Елордада 25 қаңтардан бастап жаңа № 506, 507, 508 экспресс-бағдарлары жолға шығады, деп хабарлайды CTS компаниясының баспасөз қызметі. Олар: № 506 — І. Жансүгірұлы көшесі — «Family village» тұрғын үй кешені; № 507 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Жағалау-4» тұрғын үй кешені; № 508 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы». Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, № 506 бағдар Мәңгілік ел даңғылымен тура жүретін болса, № 507 экспресс-бағдар Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына дейін тікелей жүріп, бұған дейін қоғамдық көлік қатынасы болмаған Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігінде көліктік қызметті қамтамасыз етеді. № 508 бағдар Қ.…

Толығырақ

Астана. 25 қаңтар. BM.KZ – Үндістанның Калькутта қаласына жақын жерде вакцинасы мен емі жоқ өлімге әкелетін Нипах вирусының өршуі анықталды, деп хабарлайды Report. Батыс Бенгалия штатында вирустың 5 жағдайы анықталды, оның үшеуі осы аптада тіркелді. Зардап шеккендердің арасында дәрігер, медбике және медициналық мекеменің бір қызметкері бар. Калькута маңындағы жеке ауруханада жұмыс істейтін тағы екі медбике вирусты жаңа жылдан кейін жұқтырып алған. Екеуінің де қызуы көтеріліп, тыныс алу жолдары бұзылған. Ауру жұқтырған әйелдердің бірі комаға түскен. Ол тестілеу жүргізілмей тұрып қайтыс болған науқасты емдеу кезінде вирус жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар.

Толығырақ

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Оқу-ағарту және Қорғаныс министрліктері бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп өткізу жөнінде ортақ шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Шара елімізде жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені жүйелі түрде дамытуды көздейді. Аталған бастама қос министрлік басшыларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кездесуде мақұлданды. Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбиені мектеп қабырғасынан бастап кешенді түрде қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жоба пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылады. Сол әскери жиындардың нәтижелеріне қарай, бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлеріне де енгізілмек.

Толығырақ

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Г. Сәбденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қатар, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған. Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқан. Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды. Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген.  Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған. Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек…

Толығырақ

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Отырыс әлеуметтік желідегі consot_kz, constcouncil.kz («Конституциялық реформа – 2026») ресми парақшаларында, сондай-ақ Jibek Joly және 24.kz телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, президент 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары және қоғамдық кеңестердің өкілдері, жалпы саны 100-ден астам адам кірген. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Конституциялық комиссия құру туралы шешім Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында айтылды. Мемлекет басшысының айтуынша, парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата заңның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны едәуір көп болатыны…

Толығырақ

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Испания Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасауға күдікті Қазақстан азаматын елге экстрадициялады. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2020 жылы кеден органдарында қызмет атқара жүріп, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөлік иесін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан. Мемлекетке келтірілген залал 45 миллион теңгеден асады. Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған. Ол кейін Испания аумағында ұсталып, Барселона қаласынан Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанда автонесиелеу саласындағы қылмыстық схема әшкереленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 19 қаңтар күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік осал азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге сатып отырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Тергеу барысында күдіктілердің қорғансыз азаматтарға қысым көрсетіп, қорқыту арқылы олардың атына автонесие рәсімдеткені анықталды. Сонымен қатар төлем қабілеттілігі бар деген жалған көрініс қалыптастыру мақсатында азаматтардың банк шоттарын уақытша толықтырып, кредиттік тарихын жасанды түрде жақсартқан. ІІМ мәліметінше, күдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, автокөліктерді…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше…

Толығырақ