Автор: erimbetkaz

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. — Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы есептелінеді. Алдын ала дерек бар. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады, — деді Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, өткен жылғы Ұлттық қордың табысы 8,7 млрд долларды құрады. — Бұл жылдық мәнде 15 пайызға тең. Екі цифр да рекордтық саналады. Ұлттық қорды басқарған уақытта…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open–2026 турнирінің үшінші айналымында аса тартысты матчта Түркия өкілі Зейнеп Сенмезді жеңіп, алғаш рет жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды. Кездесу 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен аяқталды. Түрік теннисшісі қуатты әрі атлетикалық ойын көрсетті. Кездесудің көп бөлігінде екінші номермен ойнауға мәжбүр болған Путинцеваға оңай болған жоқ. Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды. Төртінші айналымда Юлия Путинцева италиялық Жасмин Паолини (№8) мен америкалық Ива Йович (№27) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды. Осы шара аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қамқоршылардың сенімділігін бағалау мен бақылаудың жаңа моделін енгізді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. Институционалдық емес көмекке көшу қарқыны соңғы 10 жылдың статистикасынан анық байқалады. Мәселен, осы кезеңде еліміздегі интернаттық ұйымдар желісі 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайды. Отбасылық тәрбиелеу формаларына көшу қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмысының сапасын арттыруды талап етті. Осыған байланысты аталған органдардағы мамандар саны 3,3 есеге ұлғайып, 303 қызметкерден 1028 маманға дейін артты. Бұл әрбір отбасына жеке сүйемелдеу көрсетіп, балалардың өмір сүру және…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде палата президиумының жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметті 2025 жылдың қыркүйегінде ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған Қанат Шарлапаев атқаратын болды. 2022 жылдан бері палата президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келді.

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қарағанды қаласында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің дене жарақатын алуына байланысты жанжалға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform. Оқиға 21 қаңтар күні облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, екі ер адам арасында әуелі ауызша жанжал туындап, ол кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары «Соққыға жығу» бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аталған баптың санкциясы айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді. Материал жарияланған уақытқа дейін Серік Сәпиевтен, сондай-ақ оның орынбасары Даурен Есімхановтан…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – 2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 2 856,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Еңбекмині баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі зейнеткерлер саны — 2 млн 491 мың адам. — Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2025 жылдың қорытындысы бойынша 143 143 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 95 549 теңге, базалық зейнетақы — 47 594 теңге. 2025 жылдың басынан бері базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға,…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті. Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады. — Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді, — деп түсіндірді Ақордадан.

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – «Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека мен жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну қағидаларына маңызды өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Енді тұрғын үйдегі үлестің болуы азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына кедергі келтірмейді. «Енді азаматтың тұрғын үйде үлесі болғанымен, егер ол тұрғын үй кезегінде тұрса, жеңілдетілген ипотекаға немесе жалға берілетін тұрғын үй алу секілді мемлекет тарапынан қолдауға үміткер бола алады. Бұған дейін талаптар қатаң болды: кезекте тұрған адамның пәтерде ең аз үлесі болса да, оған бас тартылып, жеңілдетілген ипотека да, мемлекеттік тұрғын үй де беру қарастырылмайтын», – делінген банк хабарламасында. Аталған норма әзірге заңнамалық деңгейде бекітілмегені нақтыланды. Соған қарамастан, «Отбасы банк» азаматтардан түскен көптеп…

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Астанада бүгін бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауа райына байланысты қашықтан оқу туралы шешім қабылданды. – 2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0 — 4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – 22 қаңтар күні Голливудта 98-ші «Оскар» сыйлығы номинанттарының тізімі жарияланды. Биылғы киноакадемия марапаттарды 24 санат бойынша табыстайды. Олардың әрқайсысында дәстүрлі түрде он фильм қатысатын негізгі «Үздік фильм» санатынан басқа бес номинант бар, деп хабарлайды DW. Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 15 наурызында Лос-Анджелестегі Dolby Theatre-да өтеді. Ол 200-ден астам елде тікелей эфирде көрсетіледі. «Үздік фильм» атағы үшін он фильм бақ сынайды: «Бугония» («Bugonia») — режиссері Йоргос Лантимос «Формула-1» («F1») — режиссері Джозеф Косински «Франкенштейн» » («Frankenstein») — режиссері Гильермо дель Торо «Гамнет» («Hamnet») — режиссері Хлоя Чжао «Ғаламат Марти» («Marty Supreme») — режиссері Джош Сафди «Бір шайқастан…

Толығырақ