Автор: erimbetkaz

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – ҚР Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын жою бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 19 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді. Тергеу барысында ұсталған адамдардың таяу шет мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Олар көрсеткен қызметтері үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту шаралары кезінде күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, сондай-ақ байланыс құралдары тәркіленді. Аталған факті бойынша ұйымдастырушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабына сәйкес сотқа дейінгі…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, франциялық Варвара Грачевамен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы матч Рыбакина үшін қиын басталды. Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Грачева брейк жасап кетті – 3:1. Е.Рыбакина қатарынан төрт гейм алып, 5:3 есебімен алға шыққанымен, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен тағы бір брейкпен тәмамдады — 7:5. Екінші сетте есеп 2:1 болғанда, қазақстандық теннисші брейк жасады. Содан кейін кездесуді брейкпен түйіндеді – 6:2. Бір сағат…

Толығырақ

Людмила Прокашева – атақты конькимен жүгіруші. Ол Қазақстан атынан Қысқы Олимпиадаға қатысып, медаль жеңіп алған бес спортшының бірі. Италияда өтетін Олимпиада және өзінің туған күні қарсаңында Людмила BM.KZ сайтына сұхбат берді. Сол сұхбатта ол медалін сата жаздағанын айтты, қысқы спорттағы сыйақылар туралы әңгімеледі. Әлеуметтік желілер оның 1998 жылғы жеңісін әлі күнге дейін еске салып отыратынын да тілге тиек етті. – Нагано Олимпиадасында 5 000 метрге жүгіруден қола жүлдені жеңіп алғаныңызға 30 жылдай болыпты. Қазір жаңа буын спортшыларының да саны артты. Сіздің ойыңызша Қазақстандағы қысқы спортқа көзқарас өзгерді ме? – Наганоға дайындықты қазіргі Олимпиадамен салыстыру мүмкін емес. 1998 жыл еліміздің қалыптасу…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтіру дерегі бойынша күдіктілерді ұстау ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. — Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды, яғни қастандық жасау және кісі өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ қару-жарақ қолдану арқылы бұзақылық әрекеті. Бүгінде бірқатар күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар, Шымкент қаласына орталық аппараттан басшылар — Криминалдық полициядан, Тергеу департаментінен, Өзіндік қауіпсіздік департаментінен жіберілді. Олар қызметтік тексері жүргізіп, полиция күштерінің жұмысын бағалайды, — деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, бүгінде осы қылмыстық іс бойынша ұсталмаған күдіктілер де…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Қытай–Еуропа арнайы пойызында ҚХР тұрғындарының Чуньцзе мерекесіне арналған тауарлар бар. Қазақстаннан жеткізілген астық, май, бал және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк пойызы Қытай–Еуропа халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында Қытайдың Шэньси провинциясы, Сиань қаласында орналасқан «Айцзюй» астық компаниясының индустриялық паркіне келіп жетті. Бұл – 2026 жылы Қазақстаннан Қытайға көктем мерекесі (Чуньцзе, ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі қытай Жаңа жылы) қарсаңында елге импортталатын, ҚХР тұрғындарының дастарқанын молайтатын тауарларға арналған алғашқы арнайы жүк пойызы.

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін хабарланғандай, ерікті түрде елден шығу бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) уақытша шеңберін кеңейту жөніндегі уағдаластықтар 2025 жылы өткен заңсыз көші-қонды азайту және азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) мен Корея Республикасы Әділет министрлігі арасында қол жеткізілген. Бұл шаралар құқықтық салдарларды жеңілдетуге және…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Алматы облысының Қаскелең қаласында оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform. Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем келіп, оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға пікір білдірген адамдар оқушы қайтыс болғанын жазған. Қарасай ауданының білім бөлімі бұл ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған. — Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл — отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Қазіргі…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үкімет фармацевтикалық өндірістерді локализациялау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АлтИНФАРМ» ЖШС, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС және «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды. Жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Өндірістік желі онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, вирусқа…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ — Ақ үй басшысы бұл мәлімдемені Давостағы сөйлеген сөзінен кейін бірнеше сағат өткен соң жасады. Трамп Гренландия АҚШ-қа ұлттық және жаһандық қауіпсіздік үшін қажет екенін айтты, деп хабарлайды Euronews. АҚШ президенті Дональд Трамп Давостағы Гренландия мәселесі бойынша НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен келіссөзде ілгерілеушілік бар екенін айтып, Еуропаның 8 еліне баж салығын салмайтынын мәлімдеді. Трамп екі лидердің нәтижелі деп сипаттаған келіссөзінде Гренландия бойынша болашақ келісімнің негізіне қол жеткізгенін айтты. Ықтимал келісімнің Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ның барлық мүшелеріне пайда әкелетінін жеткізді. — Осы түсіністікке сүйене отырып, мен 1 ақпанда күшіне енуі тиіс тарифтерді салмаймын, — деп…

Толығырақ

Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту бағытында тұрақты ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. Бүгінде дрондарды жинақтау, баптау, сынақтан өткізу және оларды әскер бөлімдеріне тапсырудың толық циклі жолға қойылған. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамында екі жыл бұрын құрылған. Осы уақыт ішінде әскери қызметшілер дрондарды практикалық қолдануды меңгеріп қана қоймай, оларды өз күшімен жинақтау мен жөндеу жұмыстарын да жолға қойды. Бұл әскердің ішкі қажеттіліктерінің едәуір бөлігін өз бетімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Дрондарды жасау, жинау және жөндеу шеберханасы 2025 жылдың желтоқсанында жұмысын бастады. Онда арнайы дайындықтан өткен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер қызмет етеді.…

Толығырақ