Автор: erimbetkaz

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен өткен кездесуде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі. Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазіргі таңда құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстың ашылуын жіті бақылауда ұстап отыр. Атап айтқанда, 17 қаңтарда Оралда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп, «Беркут» арнайы жасағының күштік қолдауымен 33 жастағы азаматты ұстады. — Ұстау жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды. Анықталғандай, аталған азамат Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп…

Толығырақ

Шымкенттегі «алып қашу» деген желеумен ХХІ ғасырда ақтауға келмейтін оқиға қайта қызу талқыға түсті. Кәмелетке толмаған қыз баланы неке құрмақ ниетпен күштеп алып кетіп, ұстап, өзінің айтуынша, зорлауға дейін барған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздың қарсыласқан жанайқайы мен «есін жияр» деген үмітпен соған күле қараған егде жастағы әйелдер байқалады. Даулы оқиғадан кейін полиция іс қозғағанын мәлімдеді. Алайда қоғам пікірі қайтадан сол «бұл – дәстүр», «ылғи осылай болған», «үлкендердің кінәсі жоқ» дегендей жауыр болған тұйыққа тірелген. BM.KZ редакциясы осы тақырыпты талдап көрді. Мұндай оқиғалармен өзге елдер қалай күресті? Неге формалды тыйымның орнына қатаң құқық қолдану шарасы жағдайды күрт өзгерте алды? Қазақстанда…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Президент алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды. Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ конституциялық реформаға қатысты азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеуде. Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған Президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Ведомство мәліметінше, күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар. Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған, жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген. — Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған. Нақты жеткізілімдердің болмауын…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жетісу облыстық полиция департаменті дереу тексеру басталғанын хабарлады. — Панфилов аудандық полиция қызметкерлері Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізді. 28 жастағы әйелдің кішкентай баласына дене жарақаттарын салғаны анықталды, — деп хабарлады полиция. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді, онымен тергеу амалдары өткізіліп жатыр, содан кейін ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. — Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады. —  Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы — Ұлытауда; 2023 жылы — Түркістанда; 2024 жылы — Атырауда; 2025 жылы — Бурабайда өтті.

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Испанияның EFE ақпарат агенттігінің мәліметінше, елдің оңтүстігіндегі Кордова провинциясына қарасты Адамуз қаласында жантүршігерлік теміржол апаты болды. Екі жоғары жылдамдықты пойыздың рельстен шығып, соқтығысуы салдарынан кемінде 21 адам қаза тапқан. Бұл туралы Elpais.com хабарлады. Алдын ала деректерге сәйкес, жарақат алғандар саны нақтыланып жатыр: түрлі ақпарат көздері зардап шеккендердің 25-тен 100 адамға дейін болуы мүмкін екенін айтады. БАҚ таратқан мәліметке сүйенсек, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шығып, қарсы бағыттағы жолға өтіп кеткен. Сол сәтте дәл осы жолмен келе жатқан екінші пойызбен соқтығысып, нәтижесінде екі құрам да рельстен шыққан. Оқиға орнынан түсірілген видеолардан соқтығысудан кейін кемінде…

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласында болған. 18 қаңтар күні Жаңаөзен қаласы Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам мерт болған. — Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні православ христиандары басты діни мерекелердің бірі — Крещение Господне атап өтеді. Осыған байланысты елордада қала тұрғындары мен сенушілердің қатысуымен діни іс-шаралар өтіп жатыр. Діни іс-шаралар Успен кафедралды соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Елена шіркеуінде (Республика даңғылы, 12) және Серафим Саров ғибадатханасында (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтіп жатыр. Жүздеген елорда тұрғыны мен қала қонақтары суға түсу үшін жаппай шомылу орындарына жиналды. Астанада мұндай шомылу орындары Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағы жағалауындағы орталық жағажай маңында арнайы мұз ойықтары жабдықталған. Суға түсу орындары арнайы іс-шарадан кейін, сағат 20:00–ден бастап қолжетімді болып,…

Толығырақ