Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турниріндегі алғашқы кездесуін әлемдік рейтингте 48-орында тұрған америкалық Дженсон Бруксбиге қарсы өткізді. Маусымды Гонконгтағы турнирде чемпиондық атақпен бастаған Бублик бұл матчта да сенімді ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы сетте ол 2:0 есебімен алға шығып, басымдылығын сақтай отырып, партияны 6:4 нәтижесімен аяқтады. Екінші сет те осы сценариймен өтіп, тағы да 6:4 есебі тіркелді. Үшінші партияда қазақстандық теннисші тағы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Бруксби есепті 2:2-ге жеткізді. Дегенмен 4:4 кезінде Бублик брейк жасап, шешуші сәтте қателікке бой алдырмай, матчты 6:4 есебімен түйіндеді. Екі сағат төрт минутқа созылған кездесуде Бублик 12 эйс жасап,…
Автор: erimbetkaz
Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Жетісу облысының Жаркент қаласында әйел адамның өз баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Жантүршігерлік бейнежазбаны журналист Жанар Нұртазина жариялаған, онда әйелдің баланы аяусыз ұрып жатқанын, тіпті басынан тепкенін көруге болады. WhatsApp топтарында кеңінен тараған осы жазбаға байланысты Панфилов аудандық полициясы жедел тексеру жүргізіп, видеодағы 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына күш қолданғанын анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел тергеу амалдары үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бала жағдай толық анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына…
Астана. 18 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті. Қабылданған заң елде жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негізін қалыптастырып, саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидаты — адам, оның құқықтары, бостандықтары мен әл-ауқатының басымдығы туралы ережелерді бекітеді. Адам, оның өмірі мен ерік-жігері жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалануда ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. ЖИ-ді қолдану адамның саналы түрде шешім қабылдау қабілетін шектемеуі тиіс, ал азаматтардың еркіндігі технологияларды қолданудың барлық кезеңінде сақталуы қажет.…
Астана. 18 қаңтар. BM.KZ — Гренландия мен Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны басып алу жоспарына наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды ВВС. Гренландия және Дания үкіметтік емес ұйымдары ұйымдастырған наразылықтар Данияның бірқатар қалаларында, соның ішінде Копенгагенде және Гренландияның астанасы Нуукта өтті. — Біз Дания Корольдігін құрметтеуді және Гренландияның өзін-өзі анықтау құқығын талап етеміз, — деді Гренландия қауымдастықтарын біріктіретін Inuit ұйымының басшысы Камилла Сизинг. Трамп бұған дейін Американың ұлттық қауіпсіздігі үшін өте маңызды деп есептейтін Гренландияны басып алуды жоққа шығармаған болатын және сенбіде ол өзінің жоспарына қарсы шыққан Еуропа елдерінің тауарларына баж салығын енгізу туралы айтты. АҚШ президенті Дания,…
Астана. 18 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатындағы жарысын сенімді жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Қарсыласы фаворит саналғанымен, Путинцева мінез көрсетіп, тартысты матчта жеңіске жетті. Ойынның бірінші сетінде бразилиялық спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Юлия есепті теңестіріп, 7:5 нәтижесін тіркеді. Шешуші үшінші сетте 1:3 есебімен ұтылып жатқан Путинцева қатарынан бес гейм алып, 6:3 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады. Екі сағат 53 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың 6-еуін тиімді пайдаланды. Хаддад Майя 1 эйс орындап,…
Астана. 18 қаңтар. BM.KZ — Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі , бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған. Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған. — Сәби — Атырау қаласының тұрғынының алтыншы перзенті. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар мамандардың тұрақты бақылауында, — деп хабарлады перинаталдық орталық.
Астана. 17 қаңтар. BM.KZ — АҚШ-тағы HRANA құқық қорғау ұйымы тұрғындардың мәлімдемелеріне сүйене отырып, Ирандағы жалпыұлттық наразылықтар барысында 3000-нан астам адам қаза тапқан. Бұл туралы Reuters жазды. Сонымен қатар, елде 8 күнге созылған интернеттің өшірілуінен кейін желіде енді ғана тіршілік нышаны байқалған. Иран үкіметі зорлық-зомбылықтың негізгі жауапкершілігін «наразылық білдірушілер кейпіндегі қарулы бүлікшілер» деп атаған адамдарға жүктеп отыр. Билік оларды «террористер» деп атап, олардың ұйымдастырылуына Израиль мен АҚШ-ты айыптады. Көптеген демонстранттар мен қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің қаза табуына солар жауапты екенін мәлімдеді. Mehr News ақпарат агенттігі кейбір пайдаланушылар үшін интернетке қолжетімділік қалпына келтірілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ISNA жаңалықтар сайты SMS қызметінің де қайта…
Астана. 17 қаңтар. BM.KZ — Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді. Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі. Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазір құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім…
Астана. 17 қаңтар. BM.KZ – Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. Бұл қызметті атқарып келген Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов лауазымынан босатылды. Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген. Бұған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарып келген. II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Астана. 17 қаңтар. BM.KZ – АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Гренландияға қатысты талаптарын қолдамайтын елдерге кедендік баж салығын енгізуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы жұма күні, 16 қаңтарда Ақ үйде мәлімдеді, деп хабарлайды DW. «Егер елдер Гренландия мәселесінде (АҚШ-ты – ред.) қолдамаса, мен оларға баж салығын енгізе аламын. Өйткені Гренландия бізге ұлттық қауіпсіздік үшін қажет. Сондықтан мен осылай істей аламын», – деді Трамп. Сондай-ақ, ол өзін «баж салығының патшасы» деп атады. Гренландияға қатысты бұл пікір АҚШ Конгресінің екі партия өкілдерінен құралған делегациясының шиеленісті азайту мақсатында Копенгагенге жасаған сапары аясында айтылды. Бұған дейін Германия Arctic Endurance («Арктикалық төзімділік») деп аталатын миссия аясында…