Автор: erimbetkaz

Астана. 17 қаңтар. BM.KZ – Іс бойынша басты күдікті – 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев, ол отбасының күйеу баласы. Атырау облысы, Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткен Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны іздеуге байланысты жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. ТЖД мәліметінше, құтқару бөлімшелері Атырау облысы полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде іздеу жұмыстарына тартылып, елдімекен аумағын тексеруге көмектескен. «Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Қазір полиция департаментінен іздестіру жұмыстарын жалғастыруға қатысты жаңа бағдарлау немесе сұраныстар түскен жоқ», – деп хабарлады ТЖД. Іс бойынша басты күдікті – 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев (суретте), ол отбасының күйеу баласы. Ол жұбайы Ақбаянның…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды. Туған анасы, бауыр еті балаларына ауыр тән жарқаттарын салып, денесіне үтік басқан. Туыстарының айтуынша, 10 және 8 жастағы балаларға анасының көрсетпеген қорлығы жоқ. Тіпті, 5 сынып оқитын қызының шашында  алып тастаған. «Балаларды шеше деген олай ұрмайды. Қалай тірі қалғанына біз таңқалып отырмыз. Күндіз-түні Қошқар атаға апарған, ұрған, итерген, қинаған. Судан қайта шығарып, су күйінде үйіне алып келген. Бала-шағаның күймеген жері қалмаған. Пылесостың темірімен ұрған дейді. Шнурымен ұрған. Бұл айуандық»,-дейді балалардың туысы. Ауруханада жатқан балалардың екі бауыры, яғни 4 және 1 жастағы сәби мемлекеттік мекемелерге жайғастырылған. Бұл туралы Шымкент қалалық бала…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Шымкентте кәмелетке толмаған қыздың ұрланып, зорланғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, дейді Kazinform. Бейнежазбада бірнеше әйелдің қызды көліктен күштеп шығарып жатқанын, кейін ер адамның оны қолына көтеріп алып кеткенін көруге болады. Оқиға көптеген куәгердің көз алдында болған. — Шымкенттен шыққан кәмелетке толмаған қыз өз еркінен тыс ұрланып, бір үйге жеткізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктінің туыстары оны сол үйде қалуға көндірген. Ал ол ешқандай шағымы жоқ екені туралы өз қолымен хат жазудан бас тартқаннан кейін, туыстары бірлесіп зорлау әрекетін ұйымдастырған. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін ешкім жауапкершілікке тартылмаған, — делінген…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады. ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Астанада «World Busines Consulting» қаржы пирамидасының құрылымын басқарды, оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтармен жоғары пайда алуды сылтауымен 6,5 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан. Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушысы нақты бас бостандығынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. — Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль өткен жылы өзін ұстау әрекетін жасаған тергеу органдарының жұмысына кедергі келтіргені және өзге де айыптар бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді. Сеулдің орталық аудандық соты аталған үкімді Юн Сок Ёльдің 2024 жылғы желтоқсанда қысқа уақытқа әскери жағдай жариялауына байланысты қозғалған іс аясында өткен алғашқы сот отырысының қорытындысы бойынша шығарды.

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Бүгін Түркістан облысы Жетісай аудандық соты Шардара ауданы Қоссейіт ауылында өз әкесін ұрып-соғып, қинаған 41 жастағы Алмас Садақбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптарымен кінәлі деп таныды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінген. Айта кетейік, 41 жастағы Алмас Садақбаевқа 70 жастағы мүгедек әкесін тірі кезінде бірнеше рет ұрып-соғып, қинады деген айып тағылған. Ол өткен жылдың тамыз айында мүгедек әкесін кемінде үш рет соққыға жыққан. Тергеу дерегінше, қарт әкесінің дәретке өздігінен шыға алмайтынына ашуланып, оған күш қолданған. Қатігез әрекеттер көрші үйдің қыздары тарапынан жасырын түрде видеоға түсіріліп,…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұм Рәтбет қажы Нысанбайұлы хазіреттің отбасына көңіл айтты. «Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз қайтыс болды деген қаралы хабар менің де жаныма қатты батты. Жуырда ғана Рәтбек ұстаздың үйінде болып, ахуал сұрасып, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын. Иманы өзіне серік болсын. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай. Рәтбек хазіретіміз мүфти болған жылдары мұсылман мемлекеттерімен тығыз…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті. Ведомствоның мәліметінше, автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық байқаудан өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. — Автобуста барлығы 50 адам…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Атырау әуежайындағы ұшу-қону жолағында ілінісу коэффициентінің төмендеуіне байланысты 15 қаңтарға жоспарланған Атыраудан және Атырауға қатынайтын кешкі рейстер 16 қаңтарға ауыстырылды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, мына рейстердің уақыты өзгертілді: КС 983/984 Астана – Атырау – Астана рейсі; КС 885 Алматы – Атырау рейсі және КС 878 Атырау – Алматы рейсі; сондай-ақ Ақтауға қайта бағытталған КС 904 Амстердам – Атырау рейсі. Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусындар ұсынылып жатыр. Әуе компаниясы жолаушылардан рейстердің өзекті мәртебесін ресми сайттан немесе мобильдік қосымша арқылы тексеруді сұрайды.

Толығырақ