Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтауда. «Северсталь» компаниясының құрамына кіретін Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында қызметкерлер екі қазақ азаматының денесін тапқан. Олардың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр. «Бүгін, 14 қаңтарда, ЧерМК өндірістік алаңы аумағында мердігер ұйымдарда жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Марқұмардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп хабарлады «Северсталь» компаниясы. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік тергеушілері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Автор: erimbetkaz
Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттарын өзгерткенін хабарлайды. Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады. Әуе компаниясы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр. Жолаушыларға рейстерге қатысты мәліметтерді алдын ала тексеру ұсынылады. Себебі ұшу кестесінде өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу және брондау үшін байланыс нөмірлері: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77. Рейстер кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда хабарласу үшін: +7 (727) 244 44 78. WhatsApp арқылы да байланысуға болады: +7 702 702 00 74.
Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Орал қаласындағы Зашаған кентінде жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам жарақат алды. Оқиға С.Айтқұлов пен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында 14 қаңтар күні орын алған. Екі жүк көлігі мен Volkswagen және Hyundai Tucson жеңіл көліктері түйіскен. БҚО жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Серік Орынбасаровтың мәлім еткеніндей, Құс фабрикасы ауданында жол апаты болғаны жөнінде сағат 12.14-те шақыру түскен. — Жедел жәрдем бригадалары зардап шеккен 5 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар түрлі жарақаттармен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты, — деді С.Орынбасаров. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, көмекке құтқарушылар да барған. Олар автокөлікке қысылып…
Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райының суытуына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. — 2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Заң 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін Заңға қол қойды. Осы Заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне бақылау іс-шараларының екі жаңа форматын айқындайтын өзгерістер енгізілді: • жоспарлы тексерулер; • бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпей және әкімшілік жауапкершілік шараларын,…
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады. Ведомство оның себебін түсіндірді. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қайсар Қамза Бақытжанұлына неліктен халықаралық іздеу жарияланғанын айтты. Ведомство мәліметінше, сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған. «Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Күдікті 5 жыл бойы Instagram желісінде, qais_arr атауымен (2,4 млн жазылушысы бар) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушысы бар) басқарған. Күдікті желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және…
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Шымкенттегі Шымсити ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде ер адамның 16-қабаттан құлағаны туралы ақпарат тараған. Оқиға орнынан түсірілген видеоға қарағанда, ол тіл тартпай қайтыс болған, деп хабарлайды Курсив. Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады. «Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ Roblox онлайн-платформасын шектеуге қатысты ұсыныс айтты. — Қазіргі таңда интернет пен онлайн ойын платформалары балалар мен жасөспірімдердің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Солардың бірі — Roblox онлайн-платформасы. Қазір «Roblox» сөзін білмейтін бала жоқ. Бұл пайдаланушыларға өз ойындарын құруға, виртуалды әлемдерде қарым-қатынас жасауға және басқа ойыншылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық платформа. 2025 жылғы ашық дереккөздерге сәйкес, Roblox платформасына кіретін күнделікті белсенді қолданушылар саны 150 миллионға жуық. Пайдаланушылардың басым бөлігін кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер. Ата-аналар, педагогтер және халықаралық сарапшылар тарапынан Roblox ойынының балалар психикасына кері әсер етуі…
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараның нәтижесінде: — заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді; — 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, 6 қару бұрын жоғалған; — алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, 70 атыс қару тәркіленді; — тұрғындар 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ирандағы наразылық білдірушілерге үндеу жасады. Ақ үй басшысы өз жазбасында ирандықтарды наразылық акцияларын жалғастыруға шақырып, «көмек жолда келе жатқанын» мәлімдеді. «Иранның патриоттары, наразылықты тоқтатпаңыздар, ғимараттарды басып алыңыздар. Кісі өлтірушілер мен зорлық-зомбылық жасағандардың аттарын ұмытпаңыздар — оларды ауыр жаза күтіп тұр. Наразылық білдірушілерді негізсіз өлтіру тоқтатылғанға дейін Иран шенеуніктерімен барлық кездесулерді доғардым. Көмек келе жатыр. Біз Иранды қайтадан ұлы елге айналдырамыз», — деп жазды АҚШ президенті.