Автор: erimbetkaz

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Алматыда бір бөлмелі үйге 109 адамды тіркеген үй иесі бір жылға сотталды. Оған заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген айып тағылды. Zakon.kz хабарлауынша, бұл жайтты Алматы қаласының прокуратурасы анықтаған. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бір бөлмелі пәтердің қожайыны 109 адам тіркеп, сол үшін сыйақы алып жүрген. Алайда олардың ешқайсысы бұл мекенжайда тұрмаған. Осы үшін пәтер иесі жауапкершілікке тартылып отыр. Прокуратураның ақпаратынша, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот құқық бұзушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш мүшесі улы газдан қаза тапты. Олардың бірі — анасы, екеуі — бала. Зардап шеккен тағы бір бала ауруханадан шығарылды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген. – Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Алматыда полицейлер жаңа жыл түні жасалған ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді. Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген. Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды. Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді. Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Солтүстік Қазақстан облысында үш күн бойы полиция қызметкерлері «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 130-дан астам құқықбұзушылықты анықтады. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында өңір жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын 105 автокөлік, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ немесе белгіленген тәртіпке сәйкес келмейтін нөмірі бар 28 автокөлік анықталды. Мәселен Петропавлда квадроцикл мінген 60 жастағы тұрғын айналма жолда тоқтатылды. Көлік құралы тіркелмеген болып шықты. Заңнамаға сәйкес, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан төрт жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Олардың екеуі — Ресейдің Түмен…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Күдіктіні іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қалаға кіретін және шығатын бағыттарда бақылау күшейтіліп, аумақтар жаппай тексерілді. Нәтижесінде күдікті қала шегінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта ұсталды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін күдіктінің қаза тапқан қызбен таныс болғаны белгілі болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайлары тергеу барысында анықталады. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Еске салайық, қайғылы оқиға Толеметов көшесінде болған. Тұрғын үйлердің бірінің ауласынан пышақ жарақатын алған 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Ол…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен байланыс орнатқан елдерге қосымша баж салығын енгізетінін ескертті. Бұл уақытта көтерілісте қаза тапқандар саны 512-ге жетті, деп хабарлайды Курсив. «Бүгіннен бастап Иран Ислам Республикасымен кәсіп жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен іскерлік операциясы үшін 25% көлемінде баж салығын төлейді. Жарлық өзгермейді, бұлжытпай орындалады», – деп жазды Трамп өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісіне. Трамп қосымша тарифтерді тура бір жыл бұрын билікке екінші мәрте келгелі бері қысым көрсетудің бір әдісі ретінде жиі қолданып жүр. Әсіресе сауда соғысы барысында оның баж салығын бірнеше есе өсіріп жібере алатынына бәрі куә болды. Алайда Трамп Иранның достарына осындай ескерту…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Мұны Астана прокуратурасы растады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қозғалған. Іс материалдары Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген. Еске салайық, қайғылы оқиға 30 қазан күні түнде орын алды. Сол түні Ержан Бабақұмаров таныстарының ортасында болған. Олар өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде алған ауыр жарақат салдарынан экс-шенеунік мерт болған. Аталған іс бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр. Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері күн…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеубаласы Сұлтан Сарсемалиев халықаралық іздеуде. Полиция оның әйелі, жәбірленуші отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиеваны да із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша іздеп жатыр. — Халықаралық іздеудің бағыттарын айтуға болмайды. Себебі, күдіктілерге қандай да бір ақпарат жететін болса, тергеу барысына кедергі келуі мүмкін. Халықаралық іздестіру әлемнің барлық елінде жүргізілетінін қаперлеріңізге береміз, — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердаулет. Қылмыскерлерді ұстауға бағытталған топтар бар. Олар ұсталған жағдайда жәбірленушілердің туыстарына және БАҚ-қа хабарланады. — Жәбірленушілердің телефондары мен SIM карталарының Қазақстанның әр жерінде қосылғандығы туралы ақпарат бар. Полиция олар…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бір реттік зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен медициналық қызмет алуға арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады. «Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды», —делінген Отбасы банктің хабарламасында. Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны жөнінде қосымша хабарланады.

Толығырақ