Автор: erimbetkaz

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігімен алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін жариялады. Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызбен тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды? ● Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар. ● Радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар. ● Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде). ● Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті…

Толығырақ

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Қатты аяз кезінде Теміртауда магистральдық жылу құбыры зақымданып, екі шағынаудандағы тұрғын үйлер жылусыз қалды. Кеше кешкі уақытта Теміртау қаласындағы 8-ші және Отрадное шағынаудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде апат тіркелді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Құбырдың жарылуы салдарынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, бірнеше жеке тұрғын үй, сондай-ақ бизнес нысандары мен әлеуметтік мекемелер жылусыз қалған. Апат ауа райы күрт суытып, өңірде температура –30 градусқа дейін төмендеген кезде орын алған. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, зақымдану 1970 жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген, тозығы жеткен құбыр учаскесінде анықталған. Қалпына келтіру жұмыстарына мамандар мен апаттық-қалпына…

Толығырақ

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақаттанғанын хабарлады. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлайды. Оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында болған. 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған. «Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған», — делінген хабарламада. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мальта туымен жүрген «Matilda» танкерінің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынғаны және ҰҰА шабуылына ұшырағаны расталды. Кемеде жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Техникалық қызметтердің алдын ала бағалауына сәйкес, танкер теңізде жүзуге қабілетті, кеменің корпусында аса қауіпті зақымданулар анықталмаған. Либерия туымен жүрген «Delta Harmony» танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына…

Толығырақ

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Атыраудағы залдардың бірінде 13 жастағы бала есінен танып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық білім беру  басқармасы растады, деп хабарлайды Kazinform, Жасөспірім жедел-жәрдем қызметі жеткенше көз жұмған. Ол AiRom баскетбол академиясының тәрбиеленушісі болған. — Тренерлік құрам дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті, жедел жәрдем шақырылды және ата-аналары хабардар етілді. Медициналық бригада қысқа уақытта келді. Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала 2024 жылдан бастап көрсетілген спорт залында тұрақты түрде сабаққа қатысып келген. 2025 жылғы 9 қазанда берілген №027/у медициналық анықтамаға сәйкес, оған баскетболмен шұғылдануға рұқсат берілген, қарсы көрсетілімдер болмаған. Жаттығу сабақтары штаттық режимде, қолданыстағы ваучерлік қаржыландыру шеңберінде жүргізілген, -…

Толығырақ

Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда мешіттерінде қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Мuftyat.kz. Атап айтсақ, «Жылу сыйла» акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және «Әс-Сәлам», «Ар-Рахман», «Ырыскелді қажы» мешіттерінің бас имамдары қатысты. Жомарт жандардың қолдауымен 120 мұқтаж отбасыға жалпы көлемі 63 тонна көмір таратылды. Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қақаған аяз кезінде көрсетілген бұл көмектің аса маңызды екенін атап өтіп, осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанның әуе кеңістігінде шетелдік екі ұшақтың қатысуымен болған елеулі авиациялық оқиғаға байланысты Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, оқиға 10 қаңтар күні таңертең Шымкент өңірлік диспетчерлік орталығына қарасты аймақта тіркелген. – 2026 жылғы 10 қаңтарда Астана уақытымен шамамен сағат 05:42-де Шымкент өңірлік диспетчерлік орталығының А2И секторы аймағында «Победа» әуе компаниясының Внуково – Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсіне және «Uzbekistan Airways» әуе компаниясының Термез – Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсіне қызмет көрсету барысында авиациялық оқиға болды, – делінген департамент хабарламасында. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, аталған жағдай міндетті түрде уәкілетті орган тарапынан тергеп-тексеруді…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ өкілдері Каспий құбыр консорциумының терминалындағы танкермен болған оқиғаға қатысты ақпараттық хабарлама таратты. Компания мәліметтеріне қарағанда, MATILDA кемесін «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған. Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. — 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр, -делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Елордада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеуінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астанада дәстүрлі шомылу рәсімі қалалық жағажай маңында болады. Бұл мақсатта арнайы 4 ойық дайындалған. 18-19 қаңтар күндері қалада мерекелік діни шаралар, крестпен шеру және жаппай шомылу ұйымдастырылады. Іс-шаралар қаладағы барлық православие шіркеуінде өтеді: Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8). Суға түсу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін ашық болады. Бұл уақытта су маңына жарық орнатылады. Жаппай шомылу 19 қаңтар күні…

Толығырақ

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Ержан Қазыханға АҚШ-пен ынтымақтастық бойынша ҚР Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді,-делінген хабарламада.

Толығырақ