Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік маркетплейстерден сатып алынып, электронды саудаға салынатын тауарларды әкелудің жаңа тәртібі мен шарттарын бекітті. Олар биыл 1 шілдеде күшіне енеді. Енді құны 200 еуродан төмен тауарлады бажсыз әкелуге болады. Егер бағасы одан жоғары болса, сатып алынатын тауардың жалпы құнының 5 пайызы көлемінде кедендік баж салығы мен қосылған құн салығы салынады. Кедендік баждың ең төменгі құны келісіне 1 еуро. Сонымен қатар кейбір тауар санаттарына, оның ішінде автокөліктерге, арнайы кедендік мөлшерлемелер қолданылады. Қандай тауарларға жеңілдетілген декларация қолданылмайды? Жаңа ережелер аясында электрондық саудада жеңілдетілген декларациялау тәртібі жүрмейтін тауарлардың тізімі де бекітілді. Бұлар — заң…
Автор: erimbetkaz
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады. Соның нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған. Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді. 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшылар мен станция директоры ұсталды. Көрсетілген түлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн. теңге сомасында аса ірі залал келтірілген. Олардың…
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дипфейкке (жасанды интеллектті қолдану арқылы жалған бейнежазбалар жасау технологиясы) қатысты үкімін жариялады. Мүфтияттың мәліметінше, ислам діні ғылым мен технологияның дамуына, жаңалық ашуға тыйым салмайды. Алайда бұл даму адамзат игілігіне, әділеттілікке, адамгершілікке негізделіп, шариғаттың аясында жүзеге асуы тиіс. Сондықтан кез келген технология игі мақсатта қолданылса – рұқсат, ал жамандыққа, зиянды мақсатта қолданылса тыйым салынады. «Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің…
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Астанада ауа-райы бұзылып, рейстер кешігіп жатыр. Бұл жайлы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды. Боран салдарынан алты авиарейстің, соның ішінде халықаралық бағыттардың келу уақытына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда: KC 584 Санья – Астана, DV 784 Өскемен – Астана, IQ 400 Ақтөбе – Астана, FS 7316 Қызылорда – Астана, IQ 438 Петропавл – Астана және KC 656 Доха – Астана рейстері кешігіп келеді. «Ескерте кетейік, 12 қаңтарда еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында дауылды ескерту жарияланды. Әуежайдың перроны мен вокзал маңындағы аумағында үздіксіз қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді», – деп атап өтті…
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады. – Ауа райының нашарлауына байланысты 2026 жылдың 12 қаңтарында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшеді, — делінген хабарламада.
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Қарағандыда полиция балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 8 қаңтарда Қарағанды қаласында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері прокуратурамен өзара іс-қимыл барысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерден ақша бопсалауға қатысы бар ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Жедел іс-шаралар барысында өңірдегі балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болғаны анықталды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, соңғы жарты жыл ішінде күдіктілер алдау, қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы…
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті. Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. — Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды. Гонконг ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған Александр Бублик 11-ден 10-орынға көтерілді. Сөйтіп ол ерлер арасында ATP рейтингісінде ТОП-10-ға кірген алғашқы қазақстандық теннисші болды. Александр Шевченко 106-дан 104-ке көтерілсе, өткен аптада Бангалор жарысының финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 235-тен 195-ке дейін жоғарылады. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 74-тен 105-ке дейін құлдырады. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында қалды.
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — 11 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталды. Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және екі кәмелетке толмаған бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Енді бір адамнды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.…
Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының қаупі сақталып отыр. Солардың бірі Шахтинск қаласынан шығар жолда тіркелді. 12 қаңтар күні жолаушылар автобусы Шахтинск қаласынан шыға берісте боран мен көктайғақ салдарынан жол апатына ұшырады. Қарлы боран мен тайғақ жолда жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен. Оқиға кезінде көлік салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Полиция өкілдері өңір аумағында ауа райының әлі де қолайсыз екенін ескертеді. Боран, екпінді жел және көктайғақ республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерге…