Автор: erimbetkaz

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Үндістанның Астанадағы елшілігі Алматы – Бішкек тасжолында болған жол апатынан тағы бір үндістандық студенттің көз жұмғанын хабарлады. Елшіліктің мәліметінше, 2001 жылғы 13 наурызда туған Рахул Ядав 2026 жылғы 6 қаңтардан бері ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін, 9 қаңтарда таңертең оның қайтыс болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта марқұмның денесін тасымалдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. – Осы апатта қаза тапқан тағы екі үндістандық студент Каран Пармар мен Риширадж Байраттың мәйіті бүгін Үндістанға жөнелтілді. Қайғы жұтқан отбасыларға шын жүректен көңіл айтамыз. Марқұмдардың жандары жәннатта болсын, — делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында жантүршігерлік жол…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауады деп күтіледі. 10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, жел күшейеді деген болжам бар. 11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — 2025 жылы Қазақстанның ақылы автожолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Оның ішінде Алматы-Қонаев және Өзбекстан шекарасына шығатын оңтүстік дәліз көш бастап тұр. ҚазАвтоЖол мәліметінше, қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырым 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Аталған желінің құрамында I техникалық санаттағы 12 учаске (2 231 шақырым) және II-III техникалық санаттардағы 14 учаске (2 652 шақырым) бар. Жол қозғалысының құрылымы көлік ағынының ірі агломерациялар маңына және негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланғанын көрсетеді. Ең жоғары жүктемесі бар алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен. Сапарлар саны бойынша…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Венесуэла билігі «көптеген венесуэлалық және шетелдік азаматты» түрмеден босатады. Бұл туралы бейсенбі күні Венесуэла Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес хабарлады, деп жазады Синьхуа. Родригестің сөзінше, үкіметтің бұндай шарасы елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге және адамдардың саяси, діни, экономикалық немесе әлеуметтік айырмашылықтарына қарамастан бейбіт өмір сүруін қолдауға деген ниетін көрсетеді. — Босату процестері дәл қазір жүріп жатыр. Мұны Боливариан үкіметінің елде бейбітшілікті орнатуға деген ниетін білдіретін қадам деп қараңыздар, — деді Хорхе Родригес.

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі іске асырып келеді. Комитеттің мәліметінше, былтыр полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолы кесілді. — Кісі өлтіру, бопсалау, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау деректері бойынша 70-тен астам адам ұсталды. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген тұлғалар да бар, — делінген ақпаратта. Тергеу барысында 30 атыс қаруы мен 11 жарақат қаруы, сондай-ақ қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беруге уәде етіп, алдау жолымен олардың ақшалай қаражатын иемденген. Аталған қылмыстық әрекеттер салдарынан 8 адам жапа шегіп, келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгені құрады. — Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды, — делінген ақпаратта. Қазіргі…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адамға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Әңгіме зейнеткер ерлі-зайыптылардың күйеу баласы — Сұлтан Сәрсемәлиев туралы болып отыр. Марқұм ерлі-зайыптының мәйіттері қорадағы еденнің астынан табылған. Полицияның мәліметінше, Сәрсемәлиев Сұлтан Самиғоллаұлы бір тәуліктен бері іздеуде. Туған күні: 1996 жылғы 24 сәуір Қазақстан Республикасының азаматы Іздестіруді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Оперативтік іс-шараларды Атырау облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр. Байланыс телефоны: 98-21-55. Бұған дейін жоғалған ерлі-зайыпты өлі табылғанын жазған едік. Марқұмдардың денесі табылғаннан кейін олардың мүмкіндігі шектеулі балалары да қаза тапқан болуы ықтимал деген болжам күшейді. Істе…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Дженнифер Лопестің елордадағы концертінде қоғамдық тәртіпті бұзған көп балалы ананың ісі Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Kazinform. Соттың мәліметінше, іс ұсақ бұзақылық дерегі бойынша қаралған. Сот 2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 21:00 шамасында К. есімді азаматша «Астана Арена» стадионында көрермен ретінде болып, өзін агрессивті ұстағанын, айналасындағыларды итеріп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын және іс-шараға келген өзге адамдарға қолайсыздық тудырғанын анықтады. Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сондай-ақ оқиға орнынан алынған бейнежазбамен дәлелденді. Сотта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды,…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 710-778-шақырым аралығы (Аққыстау кенті – Зинеден ауылы учаскесі) бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық. Жабық жолдар Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады. Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Кеше Иранда Үкіметке қарсы наразылық күшейген тұста интернет өшті. Халық билік басындағы діни жүйеге қарсы ұрандатып, экономиканың нашарлығы мен күш құрылымдарының қуғын-сүргініне наразылық білдіріп жатыр. CNN телеарнасының мәліметінше, 8 қаңтар күні кешкісін Тегеран мен басқа да ірі қалаларда көтеріліс қызған уақытта, билік интернет пен телефон байланысын үзді. Иранда екі аптадан бері наразылық жүріп жатыр. Интернеттің бар-жоғын бақылайтын ұйым Иран билігінің осы әрекетін көтерілісті күшпен басу мақсатында жасалуы мүмкін деп бағалады. Телеарна дерегінше, осы елдегі жүзден астам қаланың тұрғындары көшеге шыққан. Билік көтерілісті күшпен басу тактикасына тағы да жүгінді. 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған наразылық барысында кем…

Толығырақ