Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңажылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық акцияны бастады. Зообақтың хабарлауынша, бұл бастама жасыл желектерге «екінші өмір» сыйлап, жануарлардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Жаңа жыл мерекелері аяқталғаннан кейін қала тұрғындары тірі шыршаларды қоқысқа тастамай, оларды Алматы хайуанаттар бағына тапсыра алады. Қабылданған ағаштар жануарлар қоршауына қойылып, олардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады. — Шыршалар бұғы, елік, қодас, қабан және басқа да жануарлардың қоршауында қолданылады. Жануарлар жаңа заттарға ерекше қызығушылық танытып, шыршаларды иіскеп, дәмін татып, тартып, секіріп, бұтағына сүйкеніп, қабығымен ойнайды. Бұл олардың қимыл-қозғалысын арттырып, күйзелісті азайтып, күнделікті тіршілігін әрлендіре түседі, — делінген хабарламада. Тірі…
Автор: erimbetkaz
Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында чехиялық теннисші Каролина Муховаға есе жіберді. Кездесу үш сетке созылып, тартысты өтті. Алғашқы партияда Рыбакина өз ойынын таба алмай, 2:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте қазақстандық теннисші мінез көрсетіп, 6:2 нәтижесімен есепті теңестірді. Алайда шешуші үшінші сетте Мухова басым түсіп, 6:4 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады. Осылайша, Елена Рыбакина Брисбен турниріндегі өнерін ширек финалда аяқтады.
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады. Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. – 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, — деп мәлімдеді ПД.
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Солтүстік Қазақстан облысында «Астана — Петропавл» автожолында «Toyota Camry» және «Shacman» автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform. Оқиға орнынан бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Қатты соққыдан екі көлік те жол шетіне шығып кеткен. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы мерт болды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Былтыр СҚО аумағында…
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Алматыдан Сеулге ұшып бара жатқан қазақстандық Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды, деп хабарлайды Astana баспасөз қызметі. 8 қаңтарда Сеулден Астанаға KC210 рейсін орындаған ұшақ техникалық ақауға — барлық дәретхананың істен шығуына байланысты Бейжің әуежайына шұғыл қонған. «Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 9:25-те ұшып шығып, сағат 11:50-де аман-есен қонды. Әуе компаниясы ақауды жөндеу үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтуде. Сондықтан рейстің уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ге ауыстырылды», — деп мәлімдеді әуе компаниясы өкілдері. Қазіргі уақытта Қытай шекара қызметі жетекшілерінің үйлестіруі бойынша виза қажет емес жолаушыларға қонақ үйге орналасуы үшін қалаға шығуға рұқсат беру туралы ресми…
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — «Рэкетир» фильмінде Руслан образымен танымал болған актер Мұрат Бисембин 54 жасында өмірден өтті. Бұл жаңалықты оның қызы Диана әлеуметтік желіде жеткізді. – 11.10.1972-08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, — деп жазған әкесінің суретін жариялап. Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Мұрат Бисембиннің инсульттан кейін ауруханаға түскені белгілі болды.
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусановтың бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге қызығушылығы жоғары, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. Әсіресе, информатика пәнінен ерекше алғырлық көрсетіп, алгоритмдік есептерді оңай шешеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында жасының кішілігіне қарамастан, 9 сынып оқушыларымен бірге сынға түсіп, нәтижесінде информатикадан 1-орын иеленді. Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таң қалдырып, ол олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды. Имранның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертайдың 18 жылдық тәжірибесі бар. «Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең…
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — 6 қаңтарда Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті. Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. – Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат…
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді. Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар. Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлем жүргізді. Қазіргі уақытта…
Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Kazinform. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингіде 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін өзара сегіз рет кездесіп, төрт-төрттен жеңіске жеткен еді. Соңғы үш ойында Рыбакина ұтқан болатын. Бұл жолы бірінші партияда 2:0 есебімен Бадоса алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, брейкпен тәмамдай алды – 6:3. Екінші сетті қазақстандық теннисші қарқынды бастады – 3:0. Бадосаның қателігін мүлт жібермеген Елена матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде…