Автор: erimbetkaz

Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — Канаданың Вал-Сейнт-Ком қаласында фристайл-могулдан 2026 жылдағы алғашқы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары арасынан ең жақсы нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Ол жекелей және параллель сайыста да 5-орынға тұрақтады. Ерлер арасында тәжірибелі отандасымыз Павел Колмаков параллель-могулда ширек финалға шығып, 7-сатыдан көрінді.

Толығырақ

Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — 2,4 млн жазылушысы бар танымал блогер Қайсар Камзаға іздеу жарияланды. Бұл ақпарат құқықтық статистика базасында жарияланған. Іздестіру ісі 10 қаңтарда Астанада тіркелген. Істі Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған, ал іздестіру жұмыстарын елорданың Экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп отыр. Айта кетейік,  бұған дейін ол заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын өткізгені үшін 1 179 600 теңге астам айыппұл төлеген.

Толығырақ

Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazinform. Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар. Осыған қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті түсінік берді. – Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Толығырақ

Астана. 11 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметіне қарсы үш жыл ішіндегі ең ірі жаппай наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді. — Иран бұрын-соңды болмаған бостандыққа ұмтылып жатыр. Америка Құрама Штаттары көмектесуге дайын! — деп жазды президент Дональд Трамп TruthSocial желісінде.

Толығырақ

Астана. 10 қаңтар. BM.KZ — Иран шах әулетінің мұрагері Реза Пехлеви наразылыққа шыққан ирандықтарды қалалардың орталықтарын басып алуға үндеді. «Мен бүгін сіздермен өзімнің алғашқы үндеуімді бөлісіп отырмын және осы бейсенбі мен жұма күндері, қаңтардың 18 және 19-ы, кешкі сағат 8-де баршаңызды көшеде болсын немесе үйлеріңізде болсын – ұрандар айтуға шақырамын. Бұл әрекетке берілетін жауапқа қарай, келесі үндеулерді хабарлаймын. Біздің мақсатымыз тек көшеге шығу ғана емес, басты мақсат қалалардың орталықтарын басып алуға және оларды ұстап тұруға дайындалу», – деді ол сенбі күні Х әлеуметтік желісінде жарияланған бейнеүндеуінде. Сондай-ақ, Пехлеви Иран тұрғындарын, әсіресе экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтін азаматтарды жалпыұлттық ереуілге шығуға…

Толығырақ

Астана. 10 қаңтар. BM.KZ — Ұлттық гвардияның мәлімдеуінше, әскери қызметкер 6506 әскери бөліміне 2025 жылдың 9 желтоқсанында келген. Медициналық көмекке алғаш рет 17 желтоқсанда жүгінген. Осы сәттен бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті талдаулар тағайындалған. Сондай-ақ, медициналық тексерулер жүргізіліп, дәрігерлердің бақылауында болған. 29 желтоқсанда денсаулығының күрт нашарлауына байланысты оны шұғыл Шымкент қаласындағы медициналық мекемелердің біріне жатқызу қажеттілігі туындаған. Өкінішке қарай, 2026 жылғы 6 қаңтарда барлық қабылданған шараларға және көрсетілген медициналық көмекке қарамастан жүрек қызметінің тоқтауы тіркелген. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз. Аталған дерек бойынша әскери тергеу департаменті қылмыстық іс қозғаған. Қазір барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы…

Толығырақ

Астана. 10 қаңтар. BM.KZ — Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. Оған қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы қазақ, 24,6%-ы орыс, 189 адам ағылшын тілін таңдаған. Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика-Физика», оны талапкерлердің 19,2%-ы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,9%-ы «Биология-Химия», 9,7%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады. ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді…

Толығырақ

BM KZ тілшісі мұнай сарапшысы Артур Шахназарянмен Венесуэлада болып жатқан оқиғалардың мұнай нарығына ықпалы туралы сөйлесіп, оның Қазақстан экономикасы үшін ықтимал салдарын бағалады. 2026 жылдың қаңтар айының басында АҚШ Венесуэлада арнайы әскери-құқықтық операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны қамауға алды. Бұл оқиға жыл басындағы ең маңызды геосаяси жаңалықтардың біріне айналды. Reuters пен Al Jazeera деректеріне сүйенсек, Вашингтон бұл әрекетті тек заң аясындағы шара ретінде ғана емес, сонымен қатар Венесуэланың мұнай саласын қайта құрылымдап, оған америкалық компанияларды тартуға мүмкіндік беретін қадам деп бағалап отыр. Қазақстан үшін бұл жағдайдың маңызы Венесуэламен тікелей байланысты емес. Ең бастысы — бұл оқиғалардың жаһандық мұнай нарығына…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылданып жатыр. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады. Астанада Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бірқатар лауазым бойынша кадрлар қабылдау басталды. Компанияда мына салалар бойынша жұмыс ұсынады: Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі: — ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері; — күзетілетін аумақтың аға инспекторы; — ғимараттарды жөндеу шебері. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі: — техникалық жүйелер менеджері; — сапа менеджері; — өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер. Мүлікті басқару бөлімі: — қойма менеджері; — әкімшілік басқару менеджері; — қойма шаруашылығы технигі. Кешенді басқару бөлімі: — бөлім басшысы; — кешенді және оқу басқармасының менеджері;…

Толығырақ

Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Жақында «Түркістан БГҚ» ЖШС-ның ресми сайтында және желідегі аккаунтында Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымовтың «Түркістан БГҚ» ЖШС-не жұмыс сапарымен барғаны туралы ақпарат жарияланды. Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның баспасөз қызметі Ғабидолла Әбдірахымов шынымен де акционерлік қоғамда жұмыс істейтінін, бұл қызметке ол 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскенін мәлімдеді. «Ғабидолла Әбдірахымовтың экономика және басқару саласында білімі бар, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент әкімшілігінде және Қазақстан үкіметінде басшылық лауазымдарды атқарған,…

Толығырақ