Автор: erimbetkaz

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Алматының Алмалы ауданы полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін де алаяқтық деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті шағын азық-түлік дүкендерінің иелері мен сатушыларын алдап, пайда тапқан. Ол арнайы қолданбаларды пайдаланып, тауар үшін онлайн төлем жасалғаны туралы жалған электронды чектерді алдын ала дайындап қойған. Дүкенде есеп айырысу кезінде сатушыға жалған чек көрсетіп, ақша аударылғандай әсер қалдырған, алайда нақты төлем жасалмаған. Осылайша, тауарды ақысыз алып отырған. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизоды мен жәбірленушілер анықталып жатыр. – Күдікті алдын ала ойластырылған…

Толығырақ

Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо бейсенбі күні Ақ үйде өткен жеке кездесуде Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін АҚШ президенті Дональд Трампқа  табыстағанын журналистерге хабарлады, дейді ВВС. Ол америкалық көшбасшының бұл марапатты қабылдаған-қабылдамағанын нақтыламады. Алайда Fox News телеарнасы Ақ үйдегі шенеуніктерге сілтеме жасап, Трамптың медальді қабылдағанын жеткізді. «Менің ойымша, бүгін біз, венесуэлалықтар үшін, тарихи күн», — деді Мачадо Трамппен алғашқы жеке кездесуінен кейін. АҚШ-тың арнайы жасақтары Каракаста Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындағаннан кейін, Трамп 2024 жылғы сайлауда жеңіске жеттік деп мәлімдегеніне қарамастан, Мачадоны елдің жаңа көшбасшысы ретінде қолдаудан бас тартқан еді. Бүгінгі таңда Трамп Мадуро тұсында…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды. Мәдина Әбілқасымова былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11 пайызға өсіп, 68,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрады. Мемлекет басшысына банктер туралы жаңа заң, сондай-ақ инвестициялық қорлар және рейтингтік қызмет туралы заң жобалары әзірленгені жөнінде айтылды. Бизнеске берілген кредиттер 2025 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 17,9 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткен.…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Павлодар облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен екі бала көз жұмды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:33-те Павлодар облыстық ТЖД-ның «101» қызметі операторының пультіне Ертіс ауылында орналасқан жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минутта (08:36-да) жеткен. Мамандар келгенде үйдің толығымен отқа оранғаны анықталған. Үй заттары, жиһаз бен шатыр жанып, үйді толығымен түтін басқан. Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісіп, үш баланы құтқарған. Оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — аиландта тағы да құрылыс краны құлап, екі адам қаза тапты. Кешегі кран апатынан кейін елдің басқа аймағында дәл сондай оқиға қайталанды, деп хабарлайды Kazinform. Кран Бангкок шетінде жол салу үшін пайдаланылған. Соңғы хабарларға сәйкес, сәрсенбі күні Тайландтың солтүстік-шығысында кран қозғалып келе жатқан пойызға құлап, 32 адам қаза тапты. BBC-дің хабарлауынша, Тайландтың ең ірі құрылыс салушылардың бірі Italian-Thai Development компаниясы екі құрылыс жобасына да жауапты болған. Компания сонымен қатар өткен наурызда жер сілкінісі кезінде құлаған Бангкоктағы зәулім ғимаратқа да жауапты. Таиландтағы құрылыс алаңдарындағы өлімге әкелетін апаттар жиілеп келеді, бұл ішінара стандарттар мен ережелердің сақталмауына байланысты болып…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Мельбурн қаласында Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда WTA рейтингісінде 97-орында тұрған словениялық Кайя Юванды сынап көреді. Рейтингіде 104-орындағы Юлия Путинцева әлемнің 58-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады. WTA рейтингісінде 246-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 25-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кортта кездеседі. Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик бастапқы бәсекесін рейтингіде 48-орындағы америкалық Джейсон Бруксбимен өткізеді. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 104-сатыдағы Александр Шевченко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды. Аустралия ашық чемпионаты 18 қаңтар күні басталады.

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды ҚМА. 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған, оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған. «Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген. Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Астана қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып беруге көмектесемін деген желеумен жасалған алаяқтық дерегі әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, банк арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп беремін деп уәде беріп, түрлі сылтаулармен ақшалай қаражат алғаны анықталды. Атап айтқанда, ол құжаттарды дайындау, банк қызметкерлеріне көмек көрсету, кепілдік рәсімдеу және өзге де қызметтерді сылтау етіп, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша жинаған. Аталған қылмыстық әрекеттердің салдарынан келтірілген материалдық шығын 7 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша 50-ге жуық алаяқтық эпизод тіркеліп, олардың барлығы бір азаматтың әрекетімен байланысты екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Тараз қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев жеті тілді меңгерген. Қала ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында ол азаматтармен қазақ, өзбек, әзірбайжан, орыс, түрік, ағылшын және француз тілдерінде еркін тіл табысады. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті. Бахтиярхан француз тілін әкесімен бірге Францияда болған кезінде меңгерген. Ол жерде архитектура бағыты бойынша білім алған. Шетелде қалыптастырған тілдік дағдылары оған қызмет барысында азаматтармен тиімді байланыс орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін сапалы орындауға көмектесіп жүр. — Отбасының үлкені — Бахтиярхан 22 жаста. Ол артынан ерген інілері мен қарындасына…

Толығырақ

Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Иранда білім алып жатқан студеттер жөнінде сұрады. — Қазір Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Ал өздері Иранға барып, оқып жатқан студенттердің санына қатысты есеп жүргізілмейді, — деді Т. Ешенқұлов.

Толығырақ