Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Кентау қаласында 45 жастағы ер адам кәмелеткен толмаған өгей қыздарын 5 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам екі қызды 6 және 8 жастан бастап зорлап келген. Осыған қатысты Түркістан облысы полиция департаменті ресми түсінік берді. — 2025 жылдың желтоқсанында Кентау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер бойынша полицияға арыз түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтіні нақтыланды.
Автор: erimbetkaz
Астана. 22 қаңтар. BM.KZ – Президент Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) құрамы мынадай: Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы Комиссия мүшелері: Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы; Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Алтынбаев…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. Бұл дерек аталған сервистің өзектілігін және теміржол көлігін қолайлы қатынас құралы ретінде таңдайтын әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары төмендегі 12 бағытта қатынайды: • № 77/78 «Алматы — Маңғыстау», • № 351/352 «Алматы — Маңғыстау», • № 45/46 «Павлодар — Түркістан», • № 37/38 «Маңғыстау — Семей», • № 47/48 «Атырау — Астана», • № 33/34 «Ақтөбе — Алматы», • № 4/3 «Астана — Алматы», • № 71/72 «Астана — Шымкент», • № 354/353 «Астана — Семей», • № 24/23 «Ақтөбе — Алматы», • № 25/26 «Алматы —…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Тайжанов Жәнібек Астана-1 теміржол вокзалының қайта жаңарту барысымен танысты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазреставрация» ШЖҚ РМК өкілдерінің қатысуымен өтті. Жұмыс сапары барысында вице-министр қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан вокзал кешенінің жаңа бөлігін қарап шықты. Қайта жаңарту нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағын 7 827 шаршы метрден 8 409 шаршы метрге дейін ұлғайту көзделген. Жобада заманауи инженерлік және цифрлық шешімдерді енгізу, жаңа құрылыс технологияларын қолдану, сондай-ақ жолаушылар ағынының өсуін, қауіпсіздік пен жайлылық талаптарын ескере отырып, функционалдық жоспарлауды жаңарту қарастырылған. Жаңа бөлікті қайта жаңарту кезеңінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Cоған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді. Жаңа Салық кодексінде келесі үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; оңайлатылған декларация негізіндегі режим; шаруа және фермер қожалықтары үшін. — Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылды, яғни олар үшке дейін оңтайландырылды. Бұған дейін олардың саны жеті болған.…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды. Жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып, мобильді байланыс жоқ немесе тұрақсыз жұмыс істейтін автожол учаскелеріндегі «ақ дақтарды» жоюға бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жол бойында интернетті навигация үшін, шұғыл қоңыраулар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік және банк сервистерін пайдалануға мүмкіндік алады. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық маңызы бар…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады. Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар: Фристайл-могул — Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко. Фристайл-акробатика — Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас. Биатлон — 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады) Тау шаңғысы спорты — Ростислав Хохлов, Александра Скороходова. Шаңғы қоссайысы — Шыңғыс Ракпаров. Шаңғы жарысы — Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина. Шаңғымен тұғырдан…
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Болгария президенті Румен Радев өзінің отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды DW. Ол бұл қызметті 2017 жылдан бері қатарынан екі мерзім атқарған. Радевтің отставкасы Болгарияда желтоқсан айында басталған жаппай наразылықтар аясында болып отыр. Наразылыққа әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтер себеп болған. Олардың бірінде билік коалициясындағы депутаттар «Лукойлдың» жергілікті активтеріне қатысты заңды небәрі 26 секундта қабылдағаны көрсетілген. Ал екінші видеода түскі үзіліс кезінде даулы бюджет жобасы бойынша дауыс беру сәті бейнеленген. 11 желтоқсанда наразылық акцияларының аясында Болгарияның премьер-министрі Росен Желязков та қызметінен кеткен.
Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Бұл туралы Валентино Гаравани мен Джанкарло Джамметти қоры әлеуметтік желілерде жариялаған хабарламада мәлімдеді. Онда «Ол бүгін Римдегі резиденциясында жақындарының ортасында дүниеден өтті» деп жазылған, деп хабарлайды agenzianova.com. Италиядағы ең танымал дизайнер әрі халықаралық сән әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі Валентино Гаравани 1932 жылы Павия провинциясындағы Вогера қаласында дүниеге келген. Жас кезінен өнер мен әсемдікке деген ерекше құштарлық танытқан ол алдымен Миланда, кейін Парижде – Бейнелеу өнері мектебінде және Жоғары сән синдикатында білім алды. Жан Дессе мен Ги Ларошты қоса алғанда, Францияның беделді сән үйлерінде еңбек еткеннен кейін, 1960 жылы Италияға оралып, серіктесімен бірге Римде Valentino…
2010 жылы суретші «I am Kazakh» атты көрмесін өткізгенде, оған: «Осындай атау қоюға ұялмайсың ба?! Бұл ұлтшылдыққа ұқсайды» деп айтқандар болған. Қазақстанда «Қанды Қаңтар» деп аталған қаңтар оқиғасына төрт жыл өтсе де, бұл тақырып әлі күнге дейін көп адамның жанын мазалайды. Бұл жағдай тек елімізде ғана емес, шетелде де назардан тыс қалған жоқ. Осы қыста Қаңтар оқиғасы Варшавада өткен VI Киев биенналесінде сөз болды. Бұл халықаралық көрме «Жақын Шығыс, Алыс Батыс» деген атаумен өтті. Сол жерде қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова өз жұмысын көрсетті. Оның туындысы «Алматы үстіндегі аспан. Қанды Қаңтар» деп аталады. Бұл жұмыс целлофан пакеттерден жасалған. Бұл туындыда 2022…